Спорт

Алматыдан олжалы оралды

Балауса ҚОЖАЕВА

Биыл ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік іс-шаралар мен спорттық жарыстар өтіп жатыр. Соның бірі – Алматыда жалауы желбіреген грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Дәулет Тұрлыхановтың турнирі. 

Достық спорт кешенінде өткен жарысқа Үржар ауданының тумасы Тұрысбек Есім қатысып, олжалы болды. Жас спортшы 92 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, үшінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

–   Ең алдымен жаттықтырушысы Елдос Жұмановқа алғыс айтып, талантты спортшымыз Тұрысбек Есімді жетістігімен шын жүректен құттықтағым келеді. Алдағы уақытта талай белесті бағындырып, еліміздің көк туын желбіретуге тілектеспін, – деді аудан басшысы.

Айта кетейік, осы турнирде үздік атанғандар жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына жолдама алды. Жаһан біріншілігі 19-25 шілде күндері Будапештте (Венгрия) болады.

 

Осы айдарда

Back to top button