Жаңалықтар

Алғашқы әскери дайындық сабақтары жетекшілерімен  кездесу өтті

Өскеменде алғашқы әскери дайындық сабақтары жетекшілерімен  кездесу өтті.  Облыс орталығындағы жалпы білім беру мектептерінің алғашқы әскери дайындық сабақтары жетекшілерімен оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Шараға ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары подполковник Рамазанов Ерлан Маратбекұлы пен Өскемен қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Мусапиров Қуаныш Абайұлы қатысты.

Шараның мақсаты – әскери қызметтің имиджін арттыру.

  -Жастарға патриоттық тәрбие беру ісімен айналысып жүрген алғашқы әскери дайындық сабақтары жетекшілерімен  осындай шараны жүзеге асырып жатқан жағдайымыз бар. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы, әрбір ер азамат әскери маман болмаса да ұлттық рухты ту етіп, елін-жерін қорғайтын айбынды тұлға, -деді, ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерлан Рамазанов.

Аға буын  салып кеткен жауынгерлік дәстүрді бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің сапында қызмет етіп жүрген жауынгерлер лайықты жалғастырып келеді. Бұл – Отанды шексіз сүюдің жарқын үлгісі.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button