БастыТОП

Аlazone арена қандай болады?

Алакөлдің жағасында Юрмала қалашығының үлгісінде әдемі арена салынып жатыр. Ашық аспан астындағы Аlazone арена 3,5 мың адамды еркін сыйғызады.

Кейінгі жылдары айдынды Алакөл демалушыларды өзінің емдік қасиетімен ғана емес, жағалауындағы салтанатты нысандарымен де таңғалдыруда. Сондай сәулет туындысының бірі осы Аlazone арена болмақ. Жобаға сәйкес бұл жерде кең сахна, жайлы қонақ үй, ас үй, би алаңы, VIP терасса, балаларға арналған ойын алаңқайлары, бар зона, касса, автотұрақ, караоке және демалу аймағы орналасады. Аренаның жалпы аумағы – 2 гектар.

– Облыс әкімінің бастамасымен бұл нысанға инвестор ретінде қаржы салдық. Туристер жақсы демалып, жақсы әсер алу үшін осындай ерекше жобаны қолға алдық. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылы бітуі керек еді. Бірақ біз негізгі жұмыстарды аяқтап, нысанды биыл ашсақ деген ниетіміз бар. Жалпы сахна алдына үш мыңнан астам адам сияды. Оң және сол жақ қапталда мейрамхана болады. Ол жерге 700-дей адам сияды, – дейді құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компанияның басшысы Арман Ахметқанов.

Балауса Қожаева

 

Осы айдарда

Back to top button