Мәдениет

Алаш – Семей және Әлихан Бөкейхан

Алаш - Семей және Әлихан Бөкейхан


Биыл Алаш қозғалысына 100 жыл толып отыр. Ал Алаш қайраткерлері жиі бас қосқан, Алаш қаласы атанған қасиетті Семей шаһарының орны ерекше. Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіндегі Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі Тұрдықұл Шаңбайдың бұл тұрғыдағы зерттеуі ерекше назар аударарлық Ғалымның «Алаш-Семей және Әлихан Бөкейхан» атты мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Редакция.

Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның өмірі мен қызметінің Семейдегі кезеңіне, 1905-1908 жылдардағы «Қарқаралы петициясының» қабылдануы, Абай Құнанбайұлы азанамасын Императорлық орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің «Записки…» журналында жариялауы және оның ақыл-кеңесі бойынша хакім ақын өлеңдерінің Петербургтен жеке жинақ түрінде басылып шығуы, «Халық бостандығы» конституциялық-демократиялық партиясының Семей филиалын құруы, қазақ саяси қозғалысының басшысы ретінде айыпталып Семей түрмесіне қамалуы, Семей облысы қазақтары атынан 1-ші Ресей Мемлекеттік Думасына депутаттыққа сайлануы мен 1917-1919 жылдардағы алғаш Жалпы Сібір съезінде қазақ автономиясы, земстволық басқару жүйесі мәселелерін көтеруі, «Алаш» партиясының Семей облыстық комитетін құруы, Алашорда үкіметіне басшылық жасауы сияқты тағы басқадай қадау-қадау тарихи оқиғаларды жатқызуға болады.

Әлихан Бөкейхан, сөз жоқ өз заманының айтулы саяси тұлғасы, ұлт көшбасшысы. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтын үздік оқып бітірген ол қазақтың кіндік қаласы Омбыға маркстік ілім қағидаларымен қаруланған, самодержавиелік билікке қарсы күресте біршама тәжірибе жинақтаған саяси күрескер болып оралды. Әрине, оның алғаш саяси тұлға болып қалыптасуына 1895-1904 жылдары «Степной край» газеті, Императорлық орыс географиялық қоғамы, сондай-ақ, қазақ жер пайдалануын зерттеумен айналысқан Ф.А.Щербина бастаған ғылыми экспедиция жұмыстарына қатысуы да өзіндік ықпалын тигізбей қалмады.

Белгілі алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелді «Алаштың Әлиханы» мақаласында Әлихан Бөкейханның «Степной край» газетінде Севастьянов, Соколов сияқты халықшылдармен, Беляков сияқты марксистпен редакция алқасы құрамында бірге қызмет еткені жайына тоқтала келіп, ұлы тұлғаның саяси көзқарасынан бұрыннан жақсы хабардар ескі досы, профессор С.П.Швецовтың «Никакой «радикальной интеллигенций», как представителя особого направления, в составе «Степного края», как думает т. Виноградов, не было. А.Н. Букейханов, которого относит именно сюда, представлял собою марксистское направление в газете и был, несомненно, наиболее ярким его выразителем. Я бы сказал даже – единственным ярким…», – деген пікірін береді. Сондай-ақ, ол аталған мақаласында Әлихан Бөкейханның үлкен саяси тұлға ретінде танылуына тікелей қатысты тарихи оқиғалар туралы: «Қалай болғанда да, Ә.Бөкейхановтың көзқарасының Щербина экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ оқығандарының саяси көзқарасының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне тұңғыш орыс революциясы ерекше ықпал етті. Осы тарихи кезеңде атқарылған жұмыстар арасынан мыналарды бөліп айтуға болар еді. Олар: белгілі Қарқаралы петициясын ұйымдастыру және өлкеде Россиялық конституциялық-демократиялық партияның жергілікті филиалдарын құру жолында жасаған әрекет», (Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: Қазақстан, 1994. 10-12 беттер) деп атап көрсетеді.

Қазақ қоғамындағы бұл екі саяси оқиға туралы кезінде академик Кеңес Нұрпейісов «Алаш һәм алашорда» кітабында Қарқаралы петициясын дайындаған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев сияқты тағы басқадай ұлттық-либералдық қазақ зиялылары осыдан кейін араға он-он екі жыл салып барып, «Алаш» партиясын құруға мұрындық болды (Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: «Ататек», 1995. 39-бет.) десе, ал тарихшы ғалымдар М.Асылбеков, Э.Сеитовтер «Алихан Букейхан – общественно-политический деятель и ученый» атты зерттеу еңбегінде: «Эта волна поистине исторических событий вынесла известного нам более как ученого и талантливого публициста, Алихана Нурмухамедовича Букейхана на политическую арену в качестве теоретического основоположника и политического лидера национально-освободительного движения казахского народа. В эти дни, даже по признанию самого начальника Омского городского жандармского управления в секретном письме Начальнику Департамента полиции, именно А.Н.
Букейхан являлся «душой всех митингов и петиций и противоправительственных агитаций и как главный инициатор и руководитель всего религиозно-политического движения киргиз… в степи». Под его непосредственным руководством и при активном участии казахское национально-освободительное движение с 1905 г. начинает обретать ярко выраженную политическую форму», (Асылбеков М.Х., Сеитов Э.Т. Алихан Букейхан – общественно-политический деятель и ученый. – Алматы: «Өркениет», 2003. Стр. 38-39.) деген баға береді.

Сол сияқты ресейлік тарихшы ғалым, жерлесіміз, профессор Д.Аманжолова «Букейханов Алихан Нурмухамедович» мақаласында Алаш қозғалысының басшысы Әлихан Бөкейханның өзін батысшылдық бағытты ұстанғандар қатарына жатқызатыны, сондықтан бастапқыда «Халық бостандығы» партиясына мүшелікті таңдағаны, алайда, Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын ұйымдастырып құруына байланысты оны жергілікті патша өкіметі органдары қазақ саяси қозғалысының басшысы ретінде тұтқындағаны (П.В. Волобуев. Политические деятели России 1917. биографический словарь. Москва, 1993.) туралы деректер келтіреді.

Демек, бұл арада Әлихан Бөкейханның үлкен саяси тұлға ретінде танылуына тікелей ықпалын тигізген бұл екі – Қарқаралы петициясының қабылдануы мен Қазақ кадет партиясының құрылуы тәрізді – оқиғалардың тарихи маңызына ерекше мән беруіміз керек. Әсіресе, революциялық төңкерістер заманындағы (1905-1917 жылдардағы) ұлттық саяси элитаның рөлі мен қызметі жеткілікті зерттеліп, лайықты бағасын ала қоймағанын естен шығармауға тиіспіз. Мысалы, Қарқаралы петициясына байланысты мұндай пікірді алаштанушы ғалым, профессор Зарқын Тайшыбай «Әлихан Бөкейханның ғана қолынан келді» мақаласында: «Қазақ халқының Ресей отаршылдығына наразылығын тұңғыш рет кең ауқымды саяси мәселе ретінде табандылықпен көрсеткен құжаттың төңірегіндегі әлі де анықталмаған жағдайлар көп. Тіпті, тәуелсіздік алғаннан кейін де көрнекті зерттеуші мамандар 1905 жылдың жазында Орталық Қазақстандағы, Қарқаралы қаласынан қозыкөш жердегі атақты Қоянды жәрмеңкесінде, үш жүздің қазағы бас қосқан үлкен жиындарда мақұлданып, бүкіл қазақ халқы атынан Ресейдің ең жоғарғы билік орындарына жолданған бұл құжаттарды дұрыс бағалап болған жоқ… Қорыта келгенде, Қарқаралы – Қояндыда жазылып, 6,5 миллион қазақ халқының еркін саяси құжат ретінде таратылған бұл петициялардың тарихи маңызы ерекше екені тағы да атап көрсету қажет», (Тайшыбай З.С., «Әлихан Бөкейханның ғана қолынан келеді» ғылыми мақала., Республикалық ғылыми конференция: Ақпараттық қоғам дамуының мәселелері. Е.А. Бөкетов ат. ҚарМУ баспасы. 2013 жыл қыркүйек. 77-85 беттер.) деп айтады.

1905 жылдың маусым-шілде айларында Семей облысының Қарқаралы қаласына жақын жердегі әйгілі Қоянды жәрмеңкесінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Темірғали Нұрекенов және тағы басқа ұлт зиялыларының ұйымдастыруымен өткен үш жүздің баласы бас қосқан жиында 14 мың 500 (профессор Зарқын Тайшыбайдың зерттеуінде 16 мың) адамның атынан алғаш рет патша өкіметіне жер және дін, қазақ өлкесіндегі әкімшілік басқару мен мемлекеттік органдарға сайлау жүйесін қайта құру, сот ісі, мектеп мәселелері секілді жиыны 11 тармақтан тұратын саяси, әлеуметтік-экономикалық талаптар қойылған петиция (ЦГА РК. Ф.И-64. Оп. 1. Д. 2053. Л. 10-14.) қабылданып жіберіледі.

Бұған дейін, әрине, патша өкіметіне қазақ даласының әр жерінен жолданған прокламация, петициялар болмады емес, болды. Бірақ та 1905 жылдың жазында «Қарқаралы петициясы» деген атпен қабылданған бұл құжат, іс жүзінде бүкіл қазақ болып бірігіп қабылдаған тұңғыш саяси құжат еді.

Кейінде аталмыш петиция авторларының бірі Әлихан Бөкейхан «Киргизы» очеркінде: «Весной 1905 года, с наступлением привольной жизни, в степи на летних стоянках начались съезды, на которых обсуждались местные нужды и нужды всей киргизской народности. Все больше степные ярмарки этого года стали ареной киргизских политических съездов, где киргизы обсуждали и подписывали, поданные потом Высочайшее имя, петиции. На этих же съездах были избраны делегаты, уполномоченные лично подать эти петиции. Религиозные и земельные вопросы стояли у киргиз впереди вопросов политической свободы», (Букейханов А. Киргизы. Формы национального движения в современных государствах. (Под ред. А.И. Костелянского), СПб, 1910.). деп жазды.

Сонымен қатар ол осы еңбегінде ең бірінші болып қазақ қоғамындағы ұлт зиялыларының саяси көзқарастары мен ұстанымдары туралы: «В составлении петиции принимали участие, с одной стороны, интеллигенция, воспитанная на русской литературе, верующая в европейскую культуру, видящая счастье родины в здравом претворении плодов западной культуры и считавшая религиозные вопросы второстепенными, при наличности обещанной 17 апреля свободы веротерпимости. С другой стороны, выступала и интеллигенция, воспитавшаяся в духе восточной ортодоксии и национально-религиозной исключительности. Эта последняя выдвигала религию на первый план: в мусулманской схоластике она видела и продолжает видеть науку, который никто и никогда превзойдет; киргизский народ, и вообще магометан, она ставит выше всех народов, искренне и сознательно отождествляя религиозное единство с единством национальным. Если провести некоторую аналогию с русской интеллигенцией, то можно было бы назвать западниками, а вторую тюркофилами и поборниками панисламизма», (Букейханов А. Киргизы. Формы национального движения в современных государствах. (Под ред. А.И. Костелянского), СПб, 1910.) дейді.

Менің пайымдауымша, Қарқаралы петициясының ерекше тарихи маңызы сонда, біріншіден, Әлихан Бөкейханның ұйымдастыруымен 1905 жылдың ортасында Қарқаралы петициясын дайындап қабылдауда әртүрлі бағыт ұстанған ұлттық-либералдық қазақ зиялыларының алғаш саяси күш ретінде топтасып бой көрсеткенін көреміз.

Екіншіден, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның өзі атап жазғандай, тұңғыш рет ұлт зиялыларының «батысшылдар» және «түрікшілдер мен панисламистер» деген саяси ағымдарға бөлінуінде болса керек.

1905-1907 жылдары Қазақстан қалаларында кадеттер, социал-демократтар, «Мұсылман партиясы одағы» тәрізді тағы басқадай саяси партиялардың жергілікті комитеттері мен «Бірлік» сияқты қазақ жастарының қоғамдық ұйымдары жұмыс істеді.

Ұлт зиялыларының сол уақытта осылайша екі саяси топқа бөлінуі (дәлірек айтқанда саяси және мұсылмандар партияларына мүшеліктері) одан кейінгі қазақтардың Ресей мемлекеттік думаларындағы депутаттық қызметтері кезінде айқын байқалады. Мысалы, бірінші және екінші думаларда Әлихан Бөкейхан, Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменов, Дәуіт Ноян Тұндыт, Мұхамеджан Тынышбаев, Бақытжан Қаратаев кадеттер партиясы, ал Шәймерден Қосшығұлов, Сәлімгерей Жантөрин, Темірғали Нұрекенов, Бақтыгерей Құлманов, Молда Тайынұлы мұсылмандар парламенттік фракциясының мүшелері ретінде өз азаматтық міндеттерін атқарды. Ресей Мемлекеттік Думаларында Мұсылмандар парламенттік фракциясына адамдар өздерінің діни-ұлттық белгілеріне қарай бірікті. Бір атап айтатыны, 1937-1938 жылдардағы сталиндік репрессиялау кездерінде ұлт зиялыларына тағылған басты айыптаулардың құрамында – «пантүрікшілдік пен панисламистік» деген саяси ұғымдардың бой көрсетуіне сол кезеңді де «тірек» қылуға ұмтылған.

Батыс-Сібір губернаторлығы аумағына енетін (әкімшілік орталығы алғашқыда Омбы, одан кейін Томск қалалары) Қазақстанның солтүстік облыстарынынан екінші Ресей Мемлекеттік Думасына сайланған депутаттар құрамы туралы «Сибирские вопросы» журналындағы «Состав сибирских депутатов во второй Государственной Думе» (20 февраля – 3 июня 1907 года) атты ресми хабарламаның «Распределение депутатов по губерниям и областям» деген бірінші графасында Ақмола облысы бойынша А.К. Виноградов пен Ш. Қосшығұлов, Семей облысы бойынша Н.Я. Коншин мен Т. Нұрекеновтің есімдері қатар аталып, «Распределение депутатов по партиям» деген екінші графасында осы үш депутаттың кадеттер партиясының мүшелері екені, сондай-ақ Әлихан Бөкейханның идеялық досы Скалазубовтың депутаттыққа Тобыл губерниясы тұрғындары атына сайланғаны, ал оның «Трудовая народно-социалистическая» партиясының мүшесі (Родионов И.П. Состав сибирских депутатов во второй Государственной Думе. «Сибирские вопросы», 1907 год, №16. Стр. 15-17.) болғаны жайында тағы басқадай деректер берілген. Қазақ облыстарынан бірінші және екінші Ресей Мемлекеттік думаларына сайланған депуттаттар негізінен кадет партиясының мүшелері-тұғын. Бұдан түйетін ойымыз, алғаш қазақ топырағында Қазақ кадет партиясын құрып, жұртты соңынан ерте білген Әлихан Бөкейхан, шын мәнінде, ұлтымыздың саяси көшбасшысы болды. Жалпы, Әлихан Бөкейханның «Қазақтар» («Киргизы») атты бұл публицистикалық очеркінің арнайы 1910 жылы Санкт-Петербургтен профессор А.И. Костелянскийдің редакциялауымен басылып шыққан «Формы национального движения в современных государствах» деген кітапқа енгізілуінің өзі-ақ қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы қаншалықты болғандығын аңғартса керек.

Сондай-ақ, Әлихан Бөкейхан осы еңбегінде: «В ближайшем будущем в степи, вероятно, организуются две политические партии соответственно двум политическим направлениям, складывающимся в киргизской среде. Одно из них может быть названо национально-религиозным, и идеалом его является религиозное единение казахов с прочими мусульманами. Другое западное направление… Первое вероятно возьмет за образец мусульманские татарские партии, второе – оппозиционные русские, в частности партию народной свободы», (Букейханов А. Киргизы. //Формы национального движения в современных государствах. ( Под редакцией А.И.Костелянского). – СПб. 1910. Стр. 550.) – деген еді.

Шынында, қазақ қоғамындағы бұл үлкен әлеуметтік, қоғамдық-саяси өзгерістер Әлихан Бөкейхандай ұлы тұлғаның көрегендікпен айтқанындай болды да. 1905 жылдың аяғында оның тікелей басшылығымен Қазақ кадет партиясының Орал, одан кейін 1906 жылдың маусымында Семей қалалық комитеттері (Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: Қазақстан, 1994. 10-12 беттер.) құрылған болатын. Сол кездегі жергілікті «Семипалатинский листок» газеті санында Қазақ кадет партиясының Семейде өткен ұйымдық-құрылымдық жиынына 150-ден астам делегаттардың, соның ішінде данышпан ақын Шәкәрім Құдайбердұлының да қатысқаны, ең бастысы мұнда аталған партияның бағдарламалық құжаты талқыланып қабылданғаны («Семипалатинский листок», от 13 июня 1906 года.) туралы жазады. Ал, әлихантанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы өз зерттеуінде бұған дейін-ақ 1905 жылдың қазан айында Әлихан Бөкейханның ұйымдастыруы және басшылығымен «Халық бостандығы» партиясының Ақмола облыстық және Омбы қалалық комитеттері құрылып жұмыс істегені (Аккулы Султан-Хан. Найдены ранее неизвестные номера газет, которые издавал Алихан Букейхан. Радио Азаттык.) жайында тың деректер береді.

1906 жылдың қаңтарында Әлихан Бөкейхан қазақ қоғамындағы айшықты осы екі тарихи оқиғаға байланысты себептермен тұтқындалып, әуелгіде Кереку, одан соң Омбы түрмелеріне қамалғанда, оған жергілікті патша өкіметі органдары тарапынан «как руководитель киргизского политического движения» ( ЦГАОР, ф. ДП, 7 д-во, д. 2, ч. 39, л. 63.) деген басты айып тағылған еді. Алайда көп ұзамай ол Семей қазақтары атынан 1-ші Ресей Мемлекеттік Думасына депутат болып сайлануына байланысты абақтыдан босап шыққан болатын.

Алаш қозғалысының басшысы Әлихан Бөкейханның сол кезеңдегі саяси қызметі туралы Г. Алисов деген белгісіз автор «Русская мысль» журналының 1909 жылғы №7 санында басылып шыққан «Мусульманский вопрос в России» атты мақаласында: «Весной 1906 года в Киргизской степи производились выборы в первую русскую Государственную думу… Между прочим, был избран один из многочисленных потомков Чингис-хана, Алихан Букейханов. Он приехал в Петербург как раз в день роспуска I Думы; разыскав товарищей, он поехал вместе с ними в Выборг и, хотя ни разу не бывал в Думе, подписал там выборгское воззвание, за что в 1908 году отсидел три месяца в семипалатинской тюрьме. В том же году за то же деяние отсидел три месяца в выборгской тюрьме потомок адзербайджанского фельдмаршала (Топчибаши) при одном грузинском царе в XVIII веке, депутат от Баку и лидер мусульман I Государственной думы Али-Мардан-бек Топчибашев.

…В 1905 году, когда в России вдруг так ясно определились многие до тех пор смутные общественные течения, приняло, наконец, определенную форму и мусульманское национальное движение. Толчки сыпались со всех сторон. Провозглашение Манифеста о свободе веры сразу обнадежило мусульман, и петиции о необходимых религиозных облегчениях и, в особенности, о реформе духовного управления были в большом количестве поданы во вновь образованную правительственную комиссию о свободе совести. На земских съездах в Москве уже участвовал представитель мусульман – адвокат из Баку А. Топчибашев. Киргизы собрались на ярмарки, обсудили свои нужды и послали правительству петицию о земельной реформе и о даровании широкого самоуправления, об отмене Степного генерал-губернаторства и должностей урядников и крестьянских начальников. На Кавказе, в Казани и в Крыму среди мусульманских рабочих и мусульманской молодежи образовались разные левые партии. А в то время, как молодежь, отчасти под влиянием своих русских товарищей, круто хлынула налево, старшие деятели среди мусульманской интеллигенции держались более осторожной линии и предпринимали шаги, чтобы укрепить и при новых, более благоприятных обстоятельствах, обеспечить возможность развития и расширения того национального дела, над которым они трудились в течение многих лет», (Алисов Г. Мусульманский вопрос в России. Русская мысль, 1909, №7. Стр. 28-61.) – деп жазады.

Осы мақала авторы Г. Алисов туралы Қазан университетінің профессоры Диляра Усманова: «Информации об авторе публикуемой статьи Г.Алисове практически не встречается ни в одном из крупных дореволюционных справочных изданий (Словарь издательства Брокгауза и Ефрона, Новый энциклопедический словарь и пр.). Возможно, что это псевдоним или автор был не слишком известной фигурой в российских литературно-общественных кругах, но то, что Г.Алисов был талантливым публицистом с прогрессивными взглядами и хорошо осведомленным в данной проблеме человеком, бесспорно», (Усманова Д. Журнал «Ғасырлар авазы», 1999, №1-2.) – дейді.

Өз кезегінде біз де Г.Алисов туралы деректер іздестірген едік. Мысалы, Г.Алисовтың кім екендігі туралы тек 2012 жылы С.М.Исхаковтың құрастыруы, кіріспе сөз бен ескертулер жазуымен Мәскеудің «Социально-политическая Мысль» баспасынан шыққан «Документы и письма из личных архивов А.М.Топчибаши и Дж. Гаджибейли (1903-1934 гг.)» кітаптың «История золотыми буквами напишет Ваше имя…» деген кіріспе мақаласының 32-беттегі 23-сілтемесінде ғана «Алисов Г. Мусульманский вопрос в России//Русская мысль. 1909. № 7. Стр. 55. Под этим псевдонимом скрывался, скорее всего, друг и соратник Топчибашева крымский татарин И. Гаспринский», – деген қысқаша жорамал айтылыпты. Алайда бұл жорамал болғандықтан Г. Алисовтың кім екендігі әзірше белгісіз қалып отыр… Әйтеуір, оның 1905-1908 жылдардағы қазақ қоғамындағы демократиялық жаңарулардан жақсы хабардар адам екендігі даусыз.

Әлихан Бөкейхандай қазақ саяси көшбасшысының үш ай мерзімге Семей түрмесіне қамалуы, ең бастысы оның кезекті екінші Ресей Мемлекеттік Думасына депутаттық сайлану құқынан айырылуы жергілікті халықтың қатты алаңдаушылығын тудырмай қоймаған еді. Мысалы, сол уақыттағы Ресей орталығы Санкт-Пететбургтен шығатын, Семей түрмесінде жатқан кезінде Әлихан Нұрмұхамедұлы өзінің қазақ жеріне ресейдің еуропалық бөлігінен келген қоныс аударушылар және қазақ жерінің табиғи ерекшеліктері, мал шаруашылығының дамытылуы туралы өзекті проблемаларға арналған бірнеше ғылыми материалдарын басып шығарған «Сибирские вопросы» журналындағы «Из хроники общественной жизни Сибири» атты мақалада: «Семипалатинские киргизы, по словам «Семип. Л.», страшно опечалены, что не могут вновь избрать депутатом А.Н. Букейханова, вследствие привлечения его к следствию по делу о выборгском воззвании», (Сибирские вопросы, 1907, №1. Стр. 97-98.) – деген ақпар берілген. Реті келгенде айта кетуіміз керек, «Сибирские вопросы» журналының осы санында Омбы қаласының мал дәрігері инспекторы болып жұмыс істейтін В. Бенькевичтің «Тонкорунное овцеводство в Степном крае» (Сибирские вопросы, 1907, №1. Стр. 39-51.) мақаласында қазақ жер пайдалануын зерттеумен айналысқан Щербинаның экспедициясына қатысушы Әлихан Бөкейханның биязы жүнді қой шаруашылығын дамытуға қатысты ғылыми құнды пікірлеріне сілтеме жасалады.

Әлихан Бөкейхан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы мен шаруашылығы, жалпы өлке тарихы туралы іргелі монографиялық еңбектер жазып қалдырған ірі экономист ғалым. Ал оның экономикалық тақырыптағы еңбектері жеке өз алдына түбегейлі зерттеулерді қажет етеді. Мысалы, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның XX ғасырдың басында Санкт-Петербургтен шыққан «Россия. Полное географическое описание отечество» көптомдық альманахтың 18 томында А.Н.Сидельников және С.Д.Чадовпен бірлесіп жазған «Исторические судьбы Киргизского края и культурные успехи его» мақаласы, жоғарыда айтқан профессор А.И.Костелянскийдің редакциялауындағы «Формы национального движения в современных государствах» атты кітаптағы «Киргизы» («Казахи») очеркі әлі күнге ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Бұдан басқа Әлекеңнің орыс оқымыстылары С.П.Швецов, Ф.А.Щербина, Л.К.Чермак т.б. басқарған ғылыми-зерттеу экспедициялардың жұмысына белсене қатысып, соның нәтижесінде 1904-1905 жылдары жарық көрген «Материалы по экономическому обследованию районов Сибирской железной дороги. Животоноводство. Т.1. Выпуск 1. Томск, 1904» және «Материалы по киргизскому землепользованию. Т. 4., 6. и 11. СПб., 1905» атты жинақтарда қазақ жерінің пайдалануы, биязы жүнді қой және қой шаруашылығы, ірі қара малы тұқымын асылдандыру, ауылшаруашылығы кооперциясы мен земстволық банктердің қызметі мәселелеріне байланысты көптеген құнды материалдар жазып, олар жарық көрді.

Әлихан Бөкейхан есімі белгілі қоғам және саяси қайраткер ретінде 1908 жылы Санкт-Петербургте басылған әйгілі Брокгауз бен Ефронның «Жаңа энциклопедиялық сөздігінің» 8-томына енген бірден-бір жалғыз қазақ. Ол көзі тірісінде-ақ өз замандастары, атап айтқанда С.П.Швецов, Л.К.Чермак, И.В.Гусев, В.Д.Бонч-Бруевич, С.Ф.Ольденбург, А.Е.Ферсман тәрізді тағы басқадай орыс ғалымдарының жоғары бағасы, зор құрметіне ие болған білікті экономист-статист ғалым еді.

Семей түрмесінде үш ай мерзімге қамалған уақытта Әлихан Нұрмұхамедұлы жоғарыда аталған «Сибирские вопросы» журналының 17 номеріне 20-ға жуық әлеуметтік-экономикалық тақырыпта ғылыми зерттеу мақалалары басылған. Жалпы оның 1908 жылғы №10 санынан бастап 1910 жылғы №40-41 сандарына дейінгі аралықта, жиыны отызға жуық мақалалары «А.Букейханов», «V», «Степной», «Статистик», «Старый степняк» деген бүркеншік есімдермен жарық көрген. Бұл туралы Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетіндегі «Он төрт тоғыз бола ма?» мақаласында: «…мен абақтыда жатып қазақ жері туралы жазған мақалаларымды «Сибирские вопросы» деген орыс журналының мына нөмірлерінде: 16-17, 18, 21-22, 27-28, 33-34, 35-36, 37-38, 45-46, 47-48, 1908 жылғы, V-деп қол қойған. Орысша білетінің оқып қара», (Ғали хан. Он төрт тоғыз бола ма? – Қазақ, 1914, №91.) – деп көрсетеді.

Әлихан Бөкейхан есімі сол жылдардағы Ресей қоғамында көпшілікке жақсы таныс беделді басылымдардың бірі «Сибирские вопросы» журналында мақалары үзбей жарияланып келген Д.А. Клеменц, И.Г. Муромов, Н.Ф. Олигер, Н.Л. Скалозубов, С.П. Швецов, В.К. Штильке, Л.К. Чермак, М.А. Кроль, В.И. Виноградов, Э.К. Пекарский, С.А. Катунский, А.А. Корнилов, К.К. Крутеев, Н.М.Ядринцев (Сибирские вопросы, 1908, №10, №40-41.) тәрізді тағы басқадай белгілі тұлғалармен қатар аталып жазылады. Сол сияқты ол кадет партиясының баспасөз органы саналатын «Сибирская жизнь» газетін шығаруға оның редакциялық алқасы құрамында П.И. Макушин, А.В. Адрианов, Д.В. Алексеев, И. Анучин, Г.Б. Баитов, М.Р. Бейлин, Г.Н. Потанин тәрізді көрнекті орыс демократ-революционерлері, ғалымдарымен (Сибирские вопросы, №45-46, 8 декабря 1908 г.) бірге белсене қатысқан.

Ресейлік зерттеуші Е.Н. Косых өз еңбегінде: «Сибирская жизнь» газета. Преобразована из газеты «Томский листок», издавалась в Томске с 1 ноября 1897 года П.И. Макушиным, с 8 ноября 1905 года Сибирским товариществом печатного дела, выходила ежедневно, кроме дней после праздников… В газете сотрудничали профессор Е.Л. Зубашев, Н.В. Некрасов, В.В. Сапожников, В.А. Обручев, М.А. Рейснер, общественные деятели Г.Н. Потанин, П.В. Вологодский, А.Н. Букейханов, М.Б. Шатилов, М.И. Шипицина, Ф.Я. Ког, Е.И. Жемчужникова, С.П. Швецов, В.К. Штильке и другие», (Косых Е.Н. «Сибирская жизнь»//Томск от А до Я: краткая энцикл. города. – Томск, 2004. Стр. 311.) – деп жазады.

Әлихан Бөкейханның, жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақ кадет партиясын құрып қана қоймай, оның орыс кадет партиясына мүлде ұқсамайтын жеке саяси бағдарламасын да жазып дайындағанын естен шығармағанымыз абзал. Мысалы, Кеңес Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда» кітабында бұл саяси құжат өз кезегінде 1917 жылы құрған «Алаш» партиясының саяси бағдарламасына негіз етіп алынды (Нұрпейісов К. «Алаш һәм Алашорда». – Алматы: «Ататек», 1995.) деп айтады. Бұл мәселеге төменде тоқталатын боламыз.

Әлихан Бөкейханның жалпы Сібір басылымдарындағы, атап айтқанда, «Иртыш», «Омич», «Голос степи» газеттеріндегі редакторлық қызметтері мен шығармашылық туындыларына қатысты «ақтаңдақтардың құпиясы» әлі де толық ашылмай келеді. Оның бір себебі, жоғарыда аталған Сібір басылымдарының сандарының бүгінгі күнге толықтай сақталып жетпеуінде болса, ал келесі себебі Ә.Бөкейхан мақалаларының бізге беймәлім бүркеншік есімдермен жариялануына байланысты болып келуінде секілді. Алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы өз зерттеулерінде дарынды публицист-қаламгер Әлихан Бөкейханның «Иртыш», «Омич», «Голос степи» газеттерімен қатар «В мире мусульманства», «Русское богатство», «Русская мысль», «Сибирские вопросы», «Сибирская жизнь» секілді тағы басқадай көптеген Сібір басылымдарында жарық көрген ғылыми еңбектері мен публицистикалық мақалалары түгелдей табылмай отырғанын айта келіп, «Ескере кететін тағы бір маңызды мәселе: публицистік қызметінің 1889-дан шамамен 1927 жылға дейінгі белсенді кезеңінде Ә.Н. Бөкейхан сан-алуан бүркеніш есімін пайдаланды. Олардың ішінде ең белгілі дегендері: «А.Б.», «Қыр баласы», «Сын степей», «V», «Туземец», «Түрік баласы», «Арыс ұлы», «Ал. кочевник». Көпшілікке белгісіз және әрине беймәлім есімдері олардан әлдеқайда көп. Жалпы, оның анықталған лақап аттарының саны 30-ға жуық», (Әлихан Бөкейхан шығармаларының 7 томдық толық жинағы. – Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2009. – 20-21 беттер.) – дейді.

Әлихан Бөкейхан 1905-1908 жылдардағы Семейдегі өмір кезеңінде өзінің партиялас серігі, орыстың көрнекті өлкетанушы ғалымы Н.Я. Коншин редакторлық қызмет атқарған «Семипалатинский листок» газетімен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеді. Дәл осы 1905 жылы ол аталған газетке өзінің Абай Құнанбайұлы жайында жазған азанамасын жариялады. Одан кейін 1907 жылы хакім ақынның азанамасын Императорлық орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің «Записки…» журналында арнайы бастырып шығарды. Мысалы, 1905 жылдың 27 тамызында өткен Императорлық орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің Реттеу Комитетінің №8 мәжілісінде: «Доложено, что для помещения в том же выпуске А.Н Букейханов прислать две статьи: Некролог Абая (Ибрагима) Кунанбаева и об «обах» на р. Слеты в Акмолинском уезде. По рассмотрении статей постановлено выразить А.Н. Букейханову благодарность и просить его о разрешении поместить эти статьи в 3-м вып. «Записок», (Протоколы заседаний Распорядительного Комитета Семипалатинского Географического Подотдела за август-декабрь 1905 года.) – деп жазылған. Бір сөзбен айтқанда, Әлихан Бөкейхан қазақтың классик ақыны Абай Құнанбайұлының ең алғашқы биографы болды.

Сондай-ақ оның аталған «Записки» журналында «Список по обам на реке Слеты в Коржункульской волости Акмолинского уезда» (Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского отдела ИРГО, выпуск II-й, Семипалатинск, 1905.), «Из бумаг султана Большой Киргизской орды Сюка Аблайханова» (Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского отдела ИРГО, выпуск III-й, Семипалатинск, 1907.) атты мақалалары да жарық көрді. Бұдан бұрын Әлихан Бөкейханның «Из переиски киргизских ханов, султанов и пр.» мақаласы Семей облыстық статистикалық комитетінің кітапшасында (Памятная книжка Семипалатинской области на 1902 год.) басылып шыққан-ды.

Алаш - Семей және Әлихан Бөкейхан

1902 жылы Әлихан Бөкейхан Императорлық орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Реттеу Комитетіне, ал 1902-1913 жылдар аралығында Семей бөлімшесіне Райымжан Мәрсеков, Жәнібек Иманқұлов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәннан Тұрғанбаев, Халел Ғаббасов, Жақып Ақбаев, Нұрғали және Нәзипа Құлжановтар, Мұхтар Әуезов және т.б. мүше болды.

Әлиханмен, жалпы, хакім Абай және оның баласы Турағұл, немере аға-інісі Шәкәрім, Кәкітай, жалпы Құнанбай ұрпақтары арасында бұрыннан-ақ рухани ғана емес, қарға тамырлы қазақтық туысқандық та байланыстар болғаны аян. Мысалы, тобықты Мамай батырдан тарайтын Дулат батырдың Бекжан есімді қызынан Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, ал енді оның Ботантай есімді екінші қызынан Шәкәрім Құдайбердіұлы туады (Абай журналы, №3, 2009.).

Әрине, Әлихан Бөкейханның екінші бір баға жетпес еңбегі, тікелей оның ақыл-кеңесі бойынша Кәкітай Ысқақұлы мен Турағұл Құнанбаевтың Абай өлеңдерін Петербургтегі Бораганский баспаханасынан жеке жинақ түрінде шығаруы болды. Бұл туралы Әлихан Нұрмұхамедұлы «Кәкітай» мақаласында: «1904-жылы Абай марқұмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым. 1905 жылғы апрель аяғында Кәкітай Абайдың қолжазба кітабын алып, Омбыдағы маған келді. 1905 жылы жазғытұры саясат ісі қалай болғанын біздің «Қазақтың» оқушылары біледі. Кәкітай біздің үйде бірер жұмадай жатты. Абай, Пушкин, Лермонтов сөздерін бірге оқып, мәз-мейрам болдық. Анық таныстық.

…бірінші Г. Дума депутаттары саясат әдісіне сайланған жерде абақтыға отыралық десті. Мен осы шартпен жазғытұры 1908-ші жылы Семейге келдім. Мен Семейде абақты борышымды күтіп жүргенде Шәкәрім, Кәкітай, Турағұл әдейі қалаға келіп, тағы да біраз күн көңіл көтеріп, шат болған едік. Мен абақтыда жатқанымда осылар тағы келіп амандасқан. «Бұған өзге қазақ жарамады-ау» деймін», (Ғалихан. «Қазақ», 1915, №105.) – деп еске алады.

Әлихан Бөкейханның Семей түрмесінен соң 1908-1917 жылдары Самар қаласына саяси жер аударуда жүріп кадеттердің губернелік комитетін басқарғанын, ал 1912 жылы Ресей конституциялық-демократиялық партиясының Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланғанын білеміз.

1917-1919 жылдар Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметінде, шын мәнінде, ұлт мүддесі үшін басын оққа тігіп күреске түскен арпалысқа толы жылдар болды.

Ақпан төңкерісі жаңалықтарын күнбатыс майдандағы (бірінші дүниежүзілік соғыс) қара жұмысқа алынған қазақтарға көмек қолын соза жүріп Минскіде қарсы алған Әлихан бастаған бір топ жігіттер елдегі зиялы азаматтарға, мысалы, солардың арасында Семей губерниясына қарайтын Семейдегі Райымжан Мәрсеков пен Турағұл Абайұлы, Қарқаралыдағы Жақып Ақбаев, Смахан Бөкейханов, Хасен Ақаев, Павлодардағы Әбікей және Қаныш Сәтбаевтар атына: «Россиядағы барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды… Учредительный собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Жарамды жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік, дау-жанжал, талас, партиялық сиыспауларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарың – бірлік, адалдық болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер! Біз қалайтын патшалық түрі – демократическая республика…», (Қазақ, 1917, №223.) – деген мазмұнда жеделхат жолдайды.

1917 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында Қазақстан қалаларында Торғай, Жетісу, Орал, Семей, Ақмола тәрізді тағы басқадай бірнеше облыстық қазақ съездері өткізіліп, алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелді «болашақ ұлттық мемлекеттің негізі, бастау көздері» (Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы., – 219-бет.) деп айтқандай, бүкіл елімізде ресми түрде облыстық, уездік және ауылдық Қазақ комитеттері құрыла бастады.

Семей қазақтарының съезінде облыстық Қазақ комитетінің жаңа құрамы сайланып, оның төрағасы болып Райымжан Мәрсеков қайтадан тағайындалды. Ал аталған комитет төрағасының орынбасары қызметінде Халел Ғаббасов, мүшелері ретінде Жақып Ақбаев, Мұқыш Боштаев, Әлімхан Ермеков, Ахметжан Қозыбағаров, Биахмет Сәрсенов, Нұрғали Құлжанов, Жүсіпбек Аймауытов (ЦГА РК. Ф.15. Оп.2. Д. 422. Л. 44.) және т.б. жұмыс істеді.

Міне, осы облыстық Қазақ комитетінің қаулысымен көне Семей шаһарын екіге бөліп ағып жатқан Ертіс өзенінің сол жақ жағалауындағы «Заречная Слободка» ендігі жерде Алаш қаласы (ЦГА РК. Ф. 1416. Оп. 1. Д. 11 а. Л. 1.) болып аталды. Көп ұзамай оның баспасөз органы – «Сарыарқа» газеті, одан бір жыл өткен соң «Абай» журналы ашылды.

Семей облысы қазақтарының бірінші съезінде күн тәртібіне алғаш рет қазақ автономиясын құру мәселесі қойылып, арнайы қаулы (Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: «Ататек», 1995. 105-бет.) қабылданады.

1917 жылдың 8-17 қазаны күндері аралығында Томск қаласында өткен Сібір автономистерінің бірінші облыстық съезіне Әлихан Бөкейханның бастауымен келіп қатысқан Семей, Торғай, Ақмола облыстары және Қостанай уезінің делегаттары, соның ішінде Халел Ғаббасов, Әлімхан Ермеков, Райымжан Мәрсеков бар, жалпы саны 9 адам Сібір мемлекеті құрамында қазақ автономиясын құру мәселесін көтереді.

Съезде Қазақ автономиясы мәселесі қызу айтыс-тартысқа түскен уақытта Әлихан Бөкейхан: «Самоопределение мы хотим получить вместе с Сибирью, самим решать, как нам управлять и жить. Нельзя управлять страной из Петрограда, то же можно сказать и про Сибири – нельзя ею управлять из одного места», (Ламин В., Шиловский М. Сибирские автономисты и деятели «Алаш-Орды». «Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференця материалдарының жинағы, 84-бет.) – деген саяси батыл ұстанымын білдіреді.
Әлихан Бөкейханның Сібір автономистері съезіндегі саяси ұстанымы туралы профессор Дина Аманжолова «Из истории взаимодействия Временного Сибирского правительства и Алаш-Орды» мақаласында:

«Букейханов как наиболее опытный из алашевцев и их бесспорный лидер был осторожен в конкретных действиях и в отношениях с областниками предпочитал постепенные шаги от единства к выделению. Выступая в ноябре в Семипалатинске в связи с избирательной кампанией в Учредительное собрание, он подчеркнул, что в России проживают народы, говарящие на 105 языках. В этой ситуации не может быть одного закона, удовлетворяющего все народы: «Такой закон может издать для себя каждый отдельный народ только сам». Поэтому казахские депутаты должны отстаивать в Учредительном собрании идею автономии. Автономии могут основываться либо на единстве крови, либо территории, либо хозяйства. По еге мнению, необходимо взять за основу «общность территории», а потому «казахом выгодно вхождение в Сибирскую автономию». Букейханов не отказывался от автономии как цели, но не считал возможным спешить с «отдельной казахской автономией» из-за недостатка управленческих кадров. А когда «достаточно подготовимся к управлению,

Осы айдарда

Back to top button