Қоғам

Ғаламтор арқылы сауалыңызды жолдайсыз

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында өздерінің дербес газеті мен интернет-сайтының тұсаукесерін жасады.

Ғаламтор арқылы сауалыңызды жолдайсызЕнді көкейде жүрген, мазалаған сауалдарды қою үшін жұртшылық қабылдауға келмей-ақ жолдауына болады. Яғни, ғаламтор желісі арқылы. Ал «Шығыс үні» деп аталатын басылым партиялық жұмыстарды жариялаумен қатар, әлеуметтік-экономи-калық және адамгершілік тақырыптарды да көтереді.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының интернет-сайтынан саяси бірлестіктің құрылымынан, қызметінен ақпарат беретін материалдармен бірге сараптамалық және ақпараттық мақалаларды да көре аласыз. Сонымен қатар филиал төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбековтің айтуынша, интернет-ресурсты дамыту бағытында мемлекеттік органдарды партиялық тексеру-лердің нәтижелері, азаматтар шағымдарын қараудың қорытындылары және партиялық бекеттердің жұмысы көрсетіледі.

«Нұр Отанның» облыстық филиалының тағы бір жобасы ретінде «Шығыс үні» басылымын атауға болады. Қазір екінші саны баспаға әзірлену үстінде. Бірінші саны Наурыз мерекесі қарсаңында жарық көрген болатын.

Нұротандықтардың айтуынша, сайт пен газетті олар бірінші кезекте мемлекеттің және халықтың алдында тұрған мәселелерді тиімді шешуде құрал ретінде пайдалануды құп көрген. Сайттың адресі: vkonurotan.kz.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button