Мәдениет

«Қаламқас» өнерімен бөлісті

«Қаламқас»  өнерімен бөлісті


Абай елін сонау Венгрия, Чехословакия, Ресей елдеріне танытып жүрген «Қаламқас» би-ансамблінің құрылғанына биыл 45 жыл. Жуықта өнер ұжымы мерейтойын атап өтіп, мерекелік концертін ұсынды.

Өнерпаздар ұжымы 1972 жылы құрылды. Құрылған жылдан бастап ансамбль өркендеудің сара жолына түсті. Оған негізінен жергілікті өнерпаздар тартылып, ауданда басшылық қызмет атқарып жүрген ел ағалары жәрдемдесті. Осылайша «Қаламқас» көп жыл өтпей-ақ аудан көлемінен тысқары жерлерге де таныла бастады. Облыс, республика, қала берді одақ көлемінен асып, шетелдерде өнер көрсеткенін бәріміз білеміз. Алғаш рет ансамбль Чехословакияның Стражница қаласында өткен халықаралық фольклорлық фестивальға қатысып, көрермен назарын бірден өзіне аударды. Бірнеше дүркін бүкілодақтық және республикалық байқаулардың жеңімпазы болған «Қаламқас» 1975 жылы халық ән-би ансамблі атағын алған.

Жыл сайын Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Семей қалаларының сахналарында шығармашылығы паш етіп жүрген ұжым жас өнерпаздармен толығып, жетістіктерге жетуде. Бүгінде «Қаламқаста» бір еліміздің мәдениет қайраткері, үш мәдениет қайраткері, 15 мәдениет саласының үздігі қызмет етеді.

Өнер ұжымының шығармашылық концерті аудандық мәдениет үйінде өтті.

Концертте ансамбль ардагерлерінің және жас әншілерінің репертуары, жаңа би қойылымдары жұрт назарында ұсынылды. Өнерпаздар мерейтойға облыс және аудан басшылығының марапаттарына ие болды.

Лаура Тілеубайқызы
Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button