Аймақтар аухалы

Алакөл Үржардың абыройын асқақтатады

Үржар – аграрлық әлеуеті жоғары, халқы еңбекқор, берекелі аудан, өңірдің экономикалық серпіні де бөлек. Жаңадан салынған, қайта жаңғыртудан өткен әлеуметтік нысандар аудан ажарын ашып, көрікті мекенге жаңаша сән беруде. Ең бастысы, жұмыссыздық деңгейі төмендеп, халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты жақсарған. Мәдени ошақтар, бiлiм беру мекемелерi, денсаулық сақтау салалары халыққа мiнсiз қызмет көрсетуде.Өңірде туризм қарқынды дамып, Алакөл Үржардың абыройын асқақтатып тұр. Ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігін толығырақ біліп, алдағы уақытта атқарылар жұмыстарға қанық болу мақсатында аудан әкімі Серік Зайнулдинмен жолығып, бірнеше сауал қойған едік.

– Серік Зинабекұлы, Үржар ауданы жер көлемі мен халқының саны жағынан облыстағы ірі ауыл шаруашылығы ауданы. Ауданның 27 ауылдық округіндегі 55 елді мекенде 73 176 халық тұрады. Егістік 196 мың, шабындық 84 мың, жайылымдық жер 1677 мың гектарды алып жатыр. Аудан экономикасындағы агроөнеркәсіп кешенінің маңызы қандай?

– Осы жылдың 10 айында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 47 миллиард теңгеге жетті. Мал шаруашылығында 21 миллиард, өсімдік шаруашылығында 26 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.

Бүгінде астық ору толығымен аяқталып, жиналған дәнді дақыл көлемі 113 мың тоннаны, майлы дақыл 78,5 мың тоннаны құрады. Сонымен бірге, көкөніс пен бақша дақылдары толық жиналып алынды.

Жыл басынан 75 шаруа қожалығына 301,5 миллион теңгенің инвестициялық субсидиясы төленді. Тыңайтқыштарды, сапалы тұқымдарды сатып алғандары үшін 48 ауылшаруашылық құрылымына 136,2 миллион теңге субсидия берілді. Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы басқармасынан 2940 тонна дизель отыны бөлініп, шаруа қожалықтарына литрі 191 теңгеден босатылды.

Шаруа қожалықтарының асылдандыру жұмыстарына 371,6 миллион теңге субсидия төленді.Қазір ірі қара саны 114 мың (106%), қой-ешкі 240 мың, жылқы 31 мың (103%), құстар 308 мың басты құрап отыр.

Он айда сатылған ет көлемі 12 мың тоннаны құрап, 5%-ға, сүт 76 мың тоннаны құрап 4%-ға, жұмыртқа 17 мың дананы құрап, 0,2%-ға көбейді.

Асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен 11 қожалық, асыл тұқымды қой шаруашылығымен төрт қожалық айналысады. Аудандағы жалпы мал басынан асыл тұқымды ірі қараның үлесі 5%-ды (4980 бас), асыл тұқымды қойдың үлесі 4,2%-ды (8157 бас) құрайды.

«Алғабас» шаруа қожалығы үш мың басқа арналған мал бордақылау алаңына бұқашықтар сатып алып, етті экспортқа шығаруды көздеп отыр. Жоспарға сәйкес биыл 350 тонна ет экспортталады. Жалпы, 2018 жылы облыс бойынша бірінші болып «Алғабас» қожалығы 130 тонна етті Өзбекстанға шығарды.

«Юбилейный» ЖШС және «Сағади» шаруа қожалығы 400 басқа арналған сүт фермаларын іске қосып, жұмыс жүргізуде. «Үржар-Арыстанбек» ЖШС Үржар және Мақаншы ауылдарындағы беккеттері арқылы тұрғындардан жыл басынан 1826 тонна (1 литрін 208 теңгеден) сүт қабылдады.

«Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде Ресейден 500 бас асыл тұқымды ірі қара малы әкелінді, алда тағы 500 бас жеткізіледі.

Он айда шаруашылықтар 188 жаңа техника сатып алды.

– Бәрекелді! Он айдың өзінде бірқатар ауқымды жұмыс атқарылған екен. Енді экономиканың келесі бір маңызды салалары – өнеркәсіп пен құрылыс бойынша сөз қозғасақ. Нәтижелер қандай?

–  10 айда өндірілген өнеркәсіп өнімнің көлемі 2 497 миллион теңгені құрады. Айталық, «Мадина» ЖШС 87 мың тонна көмір, «Швабские колбаски» ЖШС 59 тонна шұжық өнімдерін өндірді.

Биыл пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі  8028 шаршы метрді құрап отыр. Осы жылы Мақаншы, Қаратұма, Сегізбай ауылдарындағы су құбырларын жаңғырту, Көктал, Бақты, Қабанбай, Бестерек ауылдарына су құбырларын салу жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар Үржар ауылында 30 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аталған тұрғын үйдің жанынан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бассейн құрылысы басталды. Одан тыс, осы бағдарлама шеңберінде Үржар ауылындағы Сейфуллин, Гагарин, Семушкин, Воронков, Морозов көшелері жөнделді.

«100 елді мекендерді абаттандыру» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 210 миллион теңге бөлініп, аудан орталығында төрт аула абаттандырылды, 11 елді мекенде футбол алаңдары мен воркауттар орнатылды.    Сол сияқты, Мақаншы ауылындағы бұрынғы мектеп ғимараты 128 орындық балабақша ашу мақсатында жаңғыртылуда.

– Серік Зинабекұлы, енді кәсіпкерлік бағытына ойыссақ, шағын және орта бизнестің даму қарқыны қалай аудандағы?

– Ауданда тіркелген кәсіпкерлік саны – 5464. Экономикалық белсенді халықтың 22,5%-ы немесе 8650 адам шағын кәсіпкерлікпен айналысады. Кәсіпкерлік нысандарынан түскен салықтың үлесі 42%-ды құрайды.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде «AK-Минералс» ЖШС-нің «Мыс зауытын салу» жобасы бойынша инфрақұрылым тартуға қаражат бөлінді.         Аталған  бағдарлама  аясында  туризм бағытында 215,5 миллион теңгенің бес жобасына субсидия бөлінді.

«Ақ Ниет» өңірлік бағдарламасы аясында бір жоба 12 миллион теңгеге 8,5 пайызбен несиелендіріліп, 120 миллион теңге болатын бір жобаның құжаты банкте қаралуда.

«Қарапайым  заттар  экономикасы» бағдарламасы шеңберінде екі жоба  9,2 миллион теңгеге несиелендіріліп, 222 миллион теңгелік төрт жобаның құжаттары мақұлданды.

– Үржар десе, еске алдымен Алакөл оралары сөзсіз. Туризмді дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылды осы жылы?

– Осы жазда Алакөл жағалауына жұмыс сапарымен Премьер-Министр Асқар Мамин келіп, туристік кешенінің әлеуетімен танысты.

Биыл Алакөл аумағында инфрақұрылым одан әрі дамытылды. Келесі жылы жағалауды бекіту жұмысы қолға алынады. Сондай-ақ 250 орындық «Керуен плаза» қонақ үйі, «Чайка» емдік-сауықтыру ғимараты, вело-тротуарлы жолдар, би алаңысалынады. Облыс басшысы сапары барысында тарихи-өлкетану музейінің жағдайымен танысты. Бүгінде ел тарихы жайында шет тілдеріндегі кітаптар көбейтілді. Сонымен бірге, интернетке қосылған компьютерлік бөлме ашылған. Жалпы, мұражайда виртуалды шынайылық жоспары ойластырылады. Бұл – 3Dгалограммалар, әр жәдігерге түсініктеме беретін технологиялар. Мұражайға кинотеатр орналастыруда жоспарда бар.

Облыс әкімінің тікелей басшылығымен Алакөл жағалауы абаттандырылуда. Биыл демалушылар саны 750 мың адамды құрап, былтырмен салыстырғанда 25%-ға артты, салық түсімі 141 миллион теңгені  құрады. 2018 жылы 68 миллион теңге жиналған-ды. Жыл басынан жағалауда жеті кәсіпкерлік нысан іске қосылды.

Сонымен бірге, Үржар ауылындағы әуежайды қайта жаңғыртып, ұшып-қону алаңын кеңейту межеленіп отыр. 2020 жылы шипалы көлге бір миллион адам келеді деп күтілуде.

Осы ретте жолдардың жағдайын да атап кеткен орынды.Биыл Таскескен – Бақты автомобиль жолын жөндеуге республикалық бюджеттен 976 миллион теңге қаржы бөлініп, асфальт төселді.Жергілікті маңызы бар Үржар – Барқытбел,Жоғарғы Егінсу ауылының кіреберісі, Көктерек – Қайыңды – Қызылбұлақ жолдарына жөндеу жүргізілді.

Мақаншы-Көктерек, Мақаншы – Келдімұрат жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды.Бұдан бөлек, келер жылы аудан орталығы – Үржар ауылындағы 29 көшені жөдеу көзделіп отыр.

– Баспана мәселесі қай кезде болмасын өткір проблемалардың бірі болған. Осы орайда аудандағы жағдай қандай? Тұрғын үйге мұқтаждар саны қанша? Жалпы, азаматтарды әлеуметтік қолдау жайы қалай?

–             Сұрағыңыз орынды. Тұрғын үй кезегінде 752 адам тұр. Олар – жетім балалар, мемлекеттік қызметкерлер, үйлері апатты жағдайда деп танылған азаматтар, әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтар, көпбалалы аналар.«Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Жан жылуы жанұяға!» акциясы ұйымдастырылып, 28 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Облыстық «Парыз» қоры арқылы 38 миллион теңге бөлініп, 20 отбасы баспанамен қамтылды. Жергілікті бюджеттен екі отбасыға үй алуға қаржы бөлінді. 22 қараша күні екінші рет ұйымдастырылған «Жан жылуы жанұяға!» акциясында 39 көпбалалы отбасын баспанамен қамту жоспарланды.

Ауданда 282 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Он айда жаңадан 847 жұмыс орны құрылып, 497 адам қоғамдық жұмыстарға, 73 адам жастар іс-тәжірибесіне, 25 адам әлеуметтік жұмысқа жолданды. 2151 отбасына (10945 алушыға) 987,6 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

 

Он айда қысқамерзімді кәсіптік оқытуға 480 адам жолданды. «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 270 адам, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 88 адам оқуларын аяқтады.Шағын несиелеу бойынша  116 адам 401 миллион теңге несие алды. Соның ішінде аз қамтылған көпбалалы 11 отбасыға 32,3 миллион теңге несие берілді.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып өтсеңіз.

– «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы аясында «Үржар – адалдық алаңы», «Ашық әкімдік» кеңселері ашылды.Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес қарқынды жүргізілуде. Бұл тұрғыда елімізде жыл сайын жаңа жүйелер мен түрлі тәжірибелер енгізіліп келеді. Осы ретте жаңа тәсілдерді жүзеге асыру мақсатында «Адалдық алаңы» жобасы іске асқан болатын.

Бүгінде жан-жақты автоматтандырылған қызметтер жиынын қалыптастырып отырған кеңселер тұрғындарға сандық жүйе арқылы қызмет ете алады. Мәселен, қызмет алушы чек принтер арқылы қызмет талонын алып, кез келген талап-тілек, өтініш, ұсыныс, сауалдары бойынша қызмет көрсетіледі. Заманауи бағытта жұмыс істейтін бұл жүйе – тұрғындар үшін жасалған маңызды жұмыстың бірі.

– Адами капиталдың сапасы білім мен денсаулық сақтау салаларына байланысты. Әлбетте, мәдениет те тұрғындардың рухани қажетін өтеуге қажет сала. Осы бағыттағы тың жаңалықтарға тоқталып өтсеңіз.         

– Балалардың балабақшамен қамтылуы – 100% немесе 4670 бала. Тұрмыстық жағдайы төмен отбасының 2975 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Ас мәзіріне күнделікті 5 грамм бал, 200 грамм сүт беріледі.

Биыл Үржар колледжіне облыстық бюджеттен 195 миллион теңге бөлініп, оқу корпусына күрделі жөндеу жүргізілді.

Жыл басынан емдеу мекемелеріне жеті жас маман жұмысқа қабылданып, әлеуметтік қолдау іс-шаралармен қамтылуда. Бүгінде дәрігер тапшылығы бар, атап айтсақ, дерматолог, неонатолог, лор-дәрігер және екі акушер-гинеколог қажет.

Алдағы уақытта аудандық орталық емхананың екінші қабатына, инфекция бөліміне және №3 дәрігерлік амбулатория ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізіледі. Бүгіндері туу деңгейі 4,8%-ға немесе 43 сәбиге көбейді. Онкология ауруынан қайтыс болғандар саны 23%-ға немесе 11 адамға төмендеді. Ана өлімі тіркелген жоқ.

Биыл жергілікті бюджет есебінен Науалы Мәдениет үйінің жылу қазандығы жөнделді.

Биыл «Жастар жылы» деп жарияланып, мемлекеттік жастар саясатын кешенді жүзеге асыру қолға алынды. Биыл ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгінгі күні облыс әкімінің тапсырмасына сай аудандық жастар ресурстық орталығының штаты екі бірлікке көбейтілді, әлеуеті нығайтылды. Сонымен бірге, 1 қарашадан бастап әлеуметтік желілерде жүйелі жұмыс істеу мақсатында SMM бөлімі ашылып, жұмыс атқаруда.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан – Бейсенғазы Ұлықбек

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button