Оқиғалар
Қала маңында мал ұрлығы өршіп тұр
Семей қаласының маңындағы шаруа қожалықтарынан мал ұрлану оқиғалары жиілеп кеткен. Ағымдағы жылдың 1 қазанында жалпы жайылымнан 11 бас бие, 11 бас құлын, 7 бас тай ұрланыпты.
Келтірілген шығын 5 миллион 250 мың теңгені құрайды. 2 қазан күні 11 бас қой жоғалып кеткен, шығын 275 мың теңге көлемінде, бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады. Озерка ауылында құны 180 мың теңгеге бағаланған екі жасар өгізше мен торай ұрланған.
– Бұл жасалған мал ұрлығының толық тізімі емес, тіпті, үй құстарына дейін ұрлануда, – дейді қалалық ішкі істер басқармасының мамандары.
Қалыптасқан жағдайға байланысты ауыл тұрғындарына мал тұратын жайларға құлып тағып, үй маңын қоршап, түнгі уақытта аулалар мен қораларды жарықтандыру қажеттілігі айтылуда.
Шығыс-Ақпарат