Сайлау-2023

Ақжарда тұрғындар сайлау учаскесінің ашылуын күтіп тұрды

Тарбағатай ауданының жұртшылығы ел болашағы үшін маңызды сәтте қоғам өміріне салғырт қарамай, сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасауда.
Таңғы сағат: 6:30. Ақжар мәдениет үйінде орналасқан №906 сайлау учаскесі. Тілші ретінде ақпарат таратуға ерте қамданып біз де бардық. Дәлізде бірі кісі жүр. Сайлау учаскесінің ашылуына әлі жарты сағат бар. Сөйтсек, таңмен таласа таңдау жасауға келген Ақжар ауылының тұрғыны Ораз Бітібаев деген азамат екен.
Ең бірінші болып келіп, ең бірінші дауыс берді.
“Қазсушар” РМК облыстық филиалының Ақжар учаскесінде жұмыс істейтін ол бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек дейді.
– Депутаттыққа үміткерлердің барлығының үгіт-насихат жұмыстарын, бағдарламаларын мерзімді басылымдардан, әлеуметтік желілерден оқыдым. Барлығы да осы Республикамыз, облысымыз, ауданымыз көркейсе екен, дами түссе екен деген ұстанымдағы азаматтар деп есептеймін. Келешекте халық қалаулылары мен атқарушы билік өзара кеңесе отырып жоспарлы жұмыс атқарса, көп түйткілдер шешімін табады деген сенімдемін. Сондықтан, менің дауысым не шешеді деп үйде жатпай, сайлауға бару керек. Мен де азаматтық парыз санап өз таңдауымды жасадым”, – дейді Ораз Бітібаев.

Ерлан Бапанов
Тарбағатай ауданы

Осы айдарда

Back to top button