Экономика

Акцияның арқасында ауылдар көркейіп келеді

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ бастамасымен өлкемізде «Туған жерге – тағзым» акциясы бастау алған болатын.

Акцияның арқасында ауылдар көркейіп келедіАкция аясында 2010 жылы 315 млн. теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылған болса, өткен жылы жалпы құны 717 млн. 194 мың теңгенің үлкенді-кішілі 94 жобасы жоспарланып, жүзеге асырылды. Атап айтсақ, акция аясында кейінгі уақытта мынадай ауқымды жобалар іске асты:

Ақжар ауылында заман талабына сай мүгедек балаларға арналған орталық, Таскескен ауылында ардагерлерге арналған аллея, Үржар ауылында мың адамға арналған мешіт, Мақаншыдағы балаларға арналған ойын алаңы, Көлденең ауылындағы спорт модулі, Егінсу, Жанай елді мекендеріндегі мешіт ғимараттары, Науалыдағы қатымхана, Қарабұта ауылына кіреберістегі 15 шақырым жолды жөндеп беру сияқты толымды шаруаларды атап өткен дұрыс.

Осы жылы да акция аясында ауданның барлық округтерінде жоспарланған жобалар жинақталып, сараптаудан өткізілуде. Жаз шыға бұлардың бәрі іс жүзіне асырылмақ.

Бейсенғазы Ұлықбек
Үржар ауданы

Осы айдарда

Back to top button