Қоғам

Агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келеді

Агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келеді

Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!
Біздің ортақ жеңісіміз! Біздің таңдауымыз!

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің агроөнеркәсіп кешені қайта өрлеу кезеңдерін бастан өткерді. Мұның барлығы экономикадағы түбегейлі реформаның әсерінен болды. Мал шаруашылығында асыл тұқымды шаруашылықтарға баса көңіл бөлінсе, егіншілікте өнімділікті арттыруға күш жұмсалды. Ал саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шаруаларды қаржылай ынталандырумен ерекшеленді. Мәселен, облысымызда 2014 жылы төрт бірдей мемлекеттік, 14 салалық және 17 инвестициялық бағдарлама аясында агроөнеркәсіп кешеніне 41 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

203 млрд. теңге инвестиция тартылды

Жалпы алғанда соңғы ширек ғасырға таяу уақытта ауыл шаруашылығының ішкі өнімі 294 млрд. теңгеге дейін өсіп, салаға 203 млрд. теңге инвестиция тартылды. Сырттан 4917 бас ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара әкелінді. Қазақтың ақбас сиырының саны 30 мыңнан асқан. Соңғы төрт жылда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2400 бас аналық, 2800 бас аталық ірі қара сатып алынды. Соның нәтижесінде ет бағытындағы нәсілді ірі қара малдың саны 100 мың басқа жетті. «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының арқасында облыстағы қой саны 2,2 миллионға, жылқының саны 246 мыңға жетті.

Өңірдегі ішкі азық-түлік көлемі 2,2 млрд. теңгеге артты

Ауылшаруашылық кәсіпорындар облыстың әрбір тұрғыны үшін жыл сайын 85 келіден астам ет, 500 келіден астам сүт өндірген. Бұл көрсеткіш әр адамның тұтыну нормасынан әлдеқайда артық.

Ауылшаруашылық жерлерінің аумағы 3,3 млн. гектарға ұлғайды

Қазақстан әлемдегі ең ірі астық экспорттаушылардың бірі болуымен қатар, нан бағасы арзан елдердің қатарына кіреді. Еліміздегі күнбағыс майына деген сұраныстың 40 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша 21 млрд. теңге субсидия төленді.
Өңіріміздегі саланың негізгі капиталына қосылған инвестиция көлемі 15,8 есеге артты. Соның арқасында белсенді шағын бизнес нысандары 1999 жылмен салыстырғанда 57,7 пайызға өсті. Онда жұмыс істейтіндердің саны 2,6 есеге артып, 75919 адамға жетті.

Бір жылда 400 тонна ет экспортталды

2014 жылы облыс диқандары 19700 тонна ұн, 4700 тонна күнбағыс майын, 100 тоннадан астам астық пен көкөністі сыртқа сатқан. Бір жылдың ішінде бұдан бөлек 120 тонна бал өнімдері, 400 тонна ет және ет өнімдері экспортқа шығарылды.

37 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді

2015-2016 жылдар аралығында 28 тауарлы-сүт фермасы қайта жарақталып, жаңадан тоғыз нысан салынбақ. Осының нәтижесінде сауын сиырдың санын 6000-ға жеткізіп, 20 тонна сүт өндіру жоспарлануда.
Шығыс өңірінің аграрлық саладағы әлеуетін толық пайдалану үшін алдағы уақытта сүт өңдеу саласын жаңа деңгейге көтеріп, суармалы жерлердің игілігін толықтай пайдалану қолға алынып отыр. Бүгінгі таңда облысымызда 90 мың гектардан астам жер суарылады. Алдағы уақытта оның көлемін 200 мың гектардан асыру көзделуде. Бұдан бөлек марал шаруашылығын дамыту үшін субсидия төлеу жолға қойылған. Балық шаруашылығында тереңдете өңдеу жүйесі енгізіле бастады. Бұқтырма алабында бекіре тұқымдастарын қайта жетілдіру жобалары жүзеге асуда. Осы жобалар өңірдің аграрлық саласының дамуына серпін береді.

Осы айдарда

Back to top button