Адам терісін жасартатын жақпа
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің екі студенті адам терісін жасартатын жақпа жасап шығарды.
Студенттер аталық аралардың гомогенаты қосылған жақпа әзірледі. Ғылыми жұмыстың мақсаты – адам терісін нәрлендіру және жасарту.
Ерекше жобаның авторлары – «Орман ресурстары» және «Биология» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері Дарья Жукова мен Оразалы Сәбитов. Құрамына липидтер, аминқышқылдары, сүт, алма, янтарь қышқылы және эфирлер кіретін жақпа өнімі пайдалы заттарға өте бай.
– Біз профилактикалық және емдік жақпа өндіруді жоспарлап отырмыз. Оның негізі – прополис. Қыздыру арқылы қоспа қажетті қоюлыққа жеткізіледі. Кейін гомогенат арнайы ереже бойынша қосылады. Өнім көпшілікті қолжетімділігімен және тиімділігімен қызықтырады деген сенімдеміз. Терінің солуы, күйік шалу және теріге басқа да зақым келген кезде оны ем үшін қолдануға болады, – дейді студенттер.
Айта кетейік, мұндай өнім елімізде бұған дейін жасалмаған.
Didar ақпарат