Абайды оқы, таңырқа
Нұр-Сұлтан қаласынан басталған Абайдың мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасуда. Үржар ауданында да ауқымды іс-шаралар жоспары жасалып, барлық мәдени ошақтар мен білім мекемелерінде мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.
Аудан орталығындағы мәдениет үйінде көп есінде жүрерлік әдеби-сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков қатысушыларды ақын мерейтойымен құттықтап, сәттілік тіледі. Одан әріаудан өнерпаздары ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.
Сонымен қатар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Адамзаттың Абайы» атты зиялы қауым, қоғам өкілдері, жастар қатысқан әсерлі кездесу өткізді. Танымдық іс-шара барысында Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар белсенділігі арттырылды. Сондай-ақ аудандық орталық кітапханада «Абайды оқы, таңырқа» тақырыбында оқырмандар форумы өтіп, «Абай әлемі» көрмесі ұйымдастырылды. Форумға мектеп оқушылары мен ұстаздар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысып, іс-шараның жоғары денгейде өтуіне атсалысты.
Абайдың 175 жылдығына арналған мәдени-спорттық, танымдық-көпшілік іс-шаралар өңірде жыл бойы жалғасады.
Бейсенғазы Ұлықбек
Үржар ауданы.