Мәдениет

«Абай-Шәкерім» ораториясы Астанада қалықтады

«Абай-Шәкерім» ораториясы Астанада қалықтады

Ағылшын композиторы Карл Дженкинстің «Абай-Шәкерім» ораториясын Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрі ерекше орындап, көрерменнің құлақ құрышын қандырды.

Ағылшын сазгері К.Дженкинс «Абай-Шәкерім» ораториясын жерлесіміз меценат, өнердің үлкен жанашыры Медғат Құлжановтың қолдауымен 2010 жылы жазған көрінеді. Сол жылы ораторияны ұлттық жастар қоры шекті аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Лондонда алғаш рет орындаған. Ал облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ тікелей бастамасымен ұйымдастырылған Астанадағы концертте аталған шығарма бесінші рет орындалып отыр. Оқырманның есінде болса, мұндай концерт биылғы сәуір айында Өскеменде, мамыр айында Семейде өткізілген-ді. Сол жолы аймақ басшысы бұл шараның еліміздің мәдени өміріндегі маңызын атап айтқан болатын. Биылғы қараша айында «Арай-Шәкерім» ораториясының премьерасын Нью-Йоркте де өткізу жоспарланып отыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button