Тілсіз жауТОП

Абай облысындағы өрттің үш түрлі себебі қаралуда

Абай облысындағы өрт орман қорын сату мақсатында қолдан қойылған болуы мүмкін.

Бас прокуратура аталмыш облыстағы өрттің үш түрлі себебін атады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

-Бірінші нұсқамыз орман қорын өзгелерге сату мақсатында өрт қойылған болуы мүмкін. Бұл ешкімге құпия емес.

Екіншісі өрттін таралуына жол бермеуге тиісті адамдардың немқұрайлылығы, яғни адами факторлардың болуы.

Үшінші нұсқа, әрине, табиғи апат. Осы аталған үш нұсқаның барлығын тексеретін боламыз. Олардың ешқайсысын жоққа шығармаймыз, -деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Мәжілістегі брифингте.

Ол брифингте бір ай бұрын “Семей орманы” резерватының бұрынғы басшыларына қатысты сот шешімдері шығарылғанын атап өтті.

-Директор мен оның орынбасары жүйелі түрде пара алып, орман өнімдерін сатумен айналысты. Олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды, -деді Бас прокурордың орынбасары.

Айта кетелік, 8 маусымда Абай облысындағы “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман алқабы өртеніп, 60 мың гектардан астам жерді шарпыған. Ал өрт салдарынан қайтыс болған 14 адам ақтық сапардан кейін ордендермен марапатталды.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button