Жаңалықтар

Абай облысындағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

9 маусымда «Семей орманы» табиғи резерватында болған өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тергеу амалдары ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қылмыстық іс арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне қабылданған.

– Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Сонымен қатар, адамдардың қаза болуына және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды назарға ала отырып, арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді.Оны тергеп-тексеру аясында жауапты лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады, – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Осы айдарда

Back to top button