Жаңалықтар

Абай облысындағы ауылдың бірінде төтенше жағдай жарияланды

Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылында жергілікті тұрғын сібір жарасын жұқтырды деген күдікке байланысты төтенше жаңдай жарияланды.

Ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінің дерегінше, Жетіжар ауылының тұрғыны ПТР тестінен өткен, әзірге ауру расталмаған. Алайда, сақтық үшін ауылға ТЖ енгізілді.

-Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды, -деп хабарлады өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әкімдік Сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайтынын айтып, ауыл тұрғындарын сабырға шақырды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немене лас тағамдар мен ауыз судан жұғуы мүмкін.

Ынтымақ Толқын  

 

Осы айдарда

Back to top button