Абай облысында ормандағы өрт оқшауланды
![](https://didar-gazeti.kz/wp-content/uploads/2023/06/97bec6b4978d560aa81bf11ac042ccfb_1280x720-780x470.jpeg)
Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрт оқшауланды.
Бұл туралы ақпарат ҚР Төтенше жағдай министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Didar ақпарат.
– 2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғаны жарияланды. Бұл ретте қалыптасқан жағдайды ескере отырып, негізгі күш-жігерді жергілікті жану ошақтарын сөндіруге және жаңаларының пайда болуына жол бермеуге шоғырландыру үшін күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді, – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетін топырақпен толтыру секілді шаралар жүзеге асырылады.