Заңсыздық

Абай облысында балалар үйінен 6 миллион теңге қаражат жымқырылған

Абай облысындағы Науалы балалар үйінің әкімшілік қызметкерлері бюджет қаржысынан 6 миллион теңге ұрлаған.

Бұл істі Үржар ауданының прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Прокуратураның мәліметі бойынша, балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы тағайындап, сыйлықақылар мен іссапар шығындарын шектен асырған.

-Жымқыру штаттық кесте мен қазына есебін салыстыру барысында анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық пайда болды, -деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар балалар үйінің директоры онда жұмыс істемейтін тұлғаларға да жалақы төлеп отырған.

Қазір балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттері бойынша прокуратура ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары (“сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету”) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button