Мәдениет

«Ақан сері – Ақтоқты» халықпен қауышады

 «Ақан сері – Ақтоқты» халықпен қауышады


Облыстық қазақ драма театрының ұжымы Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын қолға алды. Оның тұсаукесері алдағы наурыз айының басында болады деп жоспарлануда.

Бұл қойылым арнайы шақыртумен келген Бек Рамазанның режиссерлік талғамымен, жаңа заманауи үндестікпен шынайы көркемдігімен көрерменнің, заманның талабына толық үндеседі.

Қойылымда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының өмірі суреттеледі. Ақан сері халқымыздың ұғымында көрнекті бейне. Оның басындағы трагедияны көрсетіп, Ақтоқтымен арадағы махаббаты бейнеленеді. Ақанның кішкентайынан бастап өнер жолындағы тыныс-тіршілігі түгелімен көрініс табады. Ол жас кезінде көбінесе махаббатты, сұлулықты жырласа, есейе келе сүйіспеншілік тақырыбына – ел мәселесі де қосылып, замана тынысын танытатын тарихи шындық сипатталады.

Шолпан Лақаева,
Әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Осы айдарда

Back to top button