Оқиғалар

Ақ түтек боран адамдарды жолда қалдырды

Ақ түтек бораннан облыс аумағында көлікпен қатынау қиынға соғып тұр. Күні кеше Шемонайха қаласына жолда қалған 120 адам келіп уақытша тұрақтаған.

Ақ түтек боран адамдарды жолда қалдырдыАлдымен Новосібір – Өскемен бағытында жолға шыққан автобустың 13 жолаушысы түнгі сағат 22.30 шамасында аудан орталығына жеткізіліп, Островский атындағы орта мектепке орналастырылған. Бұдан бір екі сағат өтпей жатып Новосібірге бет алған екінші автобустың 37 жолаушысы аталған білім ошағына келіп тоқтаған. Сонымен қатар ұйытқи соққан боранның салдарынан бұл түні өткізу бекетінен тағы да 25 машина өткізіліп, жалпы саны 120 адам мектепті паналауға мәжбүр болған.

Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті дауыл мен қар қаңтардың 15-17-сіне дейін жалғасатынын ескертіп, тұрғындарды сақтандыруда.

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button