Мәдениет

«Ақниет» Самарда өнер көрсетті

Тарбағатай мен Көкпекті аудандары өнерпаздарының шығармашылық байланысы күннен-күнге нығайып келеді.

Соның тағы бір көрінісі  «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында  Самар ауылындағы «Асыл қазына» әжелер ансамблінің шығармашылығына 10 жыл толу құрметіне арналған концертке  Сәтбаев ауылының «Ақниет» әжелер ансамблі қонақкәде жасап қатысып қайтты. «Асыл қазына» ансамблінің концертінде әжелеріміз ұлттық салт-дәстүрдің  тамаша үлгілерімен қоса, қазіргі күні ұмытылып бара жатқан киіз басу, жіп иіруді  көрсетті. Ұлттық тәрбиені, қазақы салтымызды насихаттап, жас ұрпаққа өнеге болып жүрген әжелерге Көкпекті ауданы әкімінің алғысы мен сый-сияпатын орынбасары М.Теміржанов жеткізді. Самар ауылының әкімі А.Күдербаев та арнайы құттықтап, үлкендердің мерейін өсірді.

Шәкен Көпшікбаева

Тарбағатай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button