Оқиғалар
900 келі сапасыз азық-түлік анықталған
Өткен жылы Өскемен дүкендерінен 900 келі сапасыз азық-түлік тауарлары сатылымнан алынып тасталған.
– Біз қоғамдық тамақтану орындарын, сауда нүктелері мен базарларды ұдайы қадағалап отырамыз. Былтыр қаладағы сауда орындары иелеріне әртүрлі заң бұзушылықтар үшін 1 471 580 теңгенің 285 айыппұлы салынды, – дейді Өскемен қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Михаил Дерябин.
2012 жылдың қорытындысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен 14 қоғамдық тамақтану мен сауда орнының қызметі тоқтатылған.
Шығыс-Ақпарат