88 құқық бұзушылық фактісі анықталды
16 сәуір мен 30 мамыр аралығында Зайсан-Ертіс бассейні аумағында браконьерліктің жолын кесу және балық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар өткізілуде.
– Осыған орайластырылған «Нерест – 2013» жедел-алдын алу іс-шарасын облыстың ішкі істер органдары жүзеге асырып келеді. Қазір уылдырық шашу орындары мен ерекше күзетілетін табиғат аумақтарында көшпелі бекеттер ұйымдастырылып, су қоймаларына жақын жағалаулар мен жолдарға біріккен патрульдер қойылған.
Уылдырық шашу кезеңі басталғаннан бергі бір айда МИ-2 тікұшағымен Бұқтырма су қоймасына екі мәрте бақылау ұйымдастырылып, соның нәтижесінде ішкі істер органдарының өкілдері 88 құқық бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ, «Балық аулау және балық қорларын сақтау ережелері туралы» заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған 51 адамға 265 608 теңге көлемінде айыппұл салынып, қазірге дейін оның 182 мың теңгесі өндіріліп алынды және 29 материал сотқа жіберілді. Жедел-алдын алу шараларын өткізу кезеңінде барлығы 50 ау алынған.