Оқиғалар

82 жастағы қария есірткі сатқан

Риддер қаласының полиция қызметкерлері бұрын істі болған 82 жасар зейнеткердің үйінен 14 грамм героин тәркіледі.

82 жастағы қария есірткі сатқанІшкі істер органдарының ақпаратына сүйенсек, бұдан үш жыл бұрын қария есірткілік заттарды сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, былтырғы қыркүйек айында мерзімінен бұрын шартты түрде босап шыққан.

Бірақ «ауру қалса да әдет қалмайды» демекші, еркіндіктің дәмін татысымен әлгі зейнеткер әйел бұрынғы «сүйікті» ісімен қайта айналысыпты. Тәртіп сақшылары оның үйінен жалпы салмағы 14,12 грамды құрайтын есірткі тауып, қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button