Ауа райы

6 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Шығыс Қазақстанда найзағай, бұршақ  және қатты жел күтіледі.

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 6 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай болады, бұршақ жауып, дауыл соғады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Өскемен қаласында күндіз найзағай  болады, жел солтүстік-батыстансоғады, екпіні – 15-18 м/с.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары.

 

Осы айдарда

Back to top button