«AMANAT»

482 оқушы дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданған

«AMANAT» партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту бойынша Өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде төмендегідей үш мәселе қаралды.

Бірінші барлық оқу орындарын цифрландыру, қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу бойынша 2021 жылда атқарылған жұмыстар бойынша.Екінші білім берудің барлық кезеңдерінде цифрлық сауаттылықты арттыру. Үшінші Елдің мамандандырылған мектептерінде білім алу үшін ауылдың балаларына мүмкіндіктер беру мәселелері талқыланды.

2021 жылы 482 оқушы конкурстық іріктеуден өтіп, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерге қабылданған. Оның ішінде 161 оқушы ауылдық жерлерден.
2019 жылы облыс әкімінің инвестициялық орталығы базасында “Jastar Time” бірегей инновациялық орталығы ашылды, онда оқушыларды ШҚТУ-дың үздік оқытушылары бағдарламалауды оқытады. Орталық ІТ саласында тәжірибе мен идеялармен алмасу үшін іскерлік алаң ретінде қызмет етеді, жас әзірлеушілерді өздерінің StartUp-жобасын қалай іске асыруға және оны сарапшылар мен әлеуетті инвесторлар алдында көрсетуге үйретеді.

– Ғылыми және StartUp жобаларды іске асыруға 2018 жылдан бастап жалпы сомасы 22 995,2 мың теңгеге 25 грант бөлінді. Бүгінгі таңда барлық жобалар толық жүзеге асырылды- деп атап өтті Мектепке дейінгі, орта білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қозыбаева Бұлбұл Жомартқызы.
Сонымен қатар отырыс барысында кеңес мүшелері өңірдің білім сапасын артыру мақсатында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға арналған Жол картасындағы нақты тапсырмалардың орындалуына база назар аудару қажеттігін жеткізді.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button