Оқиғалар
450-ге жуық адам құтқарылды
Облысымыздағы кеніштердің бірінде шыққан өрт салдарынан кен орнындағы жұмыс тоқтап, 450-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген.
ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ. Ведомствоның таратқан ақпаратына сенсек, «Риддер-Сокольный» кенішінде пайдаланылған ағаш бекітінділері отқа оранған. «Өртті сөндіруге жеке құрамның 31 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 6 шаршы метр аумаққа жайылды» делінген министрліктің хабарламасында.
Нақты деректер бойынша өрт сөндірушілер 443 адамды құтқарып, қауіпсіз аймаққа шығарыпты.
Шығыс-Ақпарат