40 миллион теңгеге азғырып, он жылға сотталды
Өскемен қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен және бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен аяқталған қылмыстық іс бойынша құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларын 40 млн. теңге сомасында пара беруге азғыру, сондай-ақ алаяқтыққа оқталу фактісі бойынша азаматтар Баймадиев пен Басболатов сотталды.
Бұл жөнінде өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. Олар аталған сомманы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының екі орынбасарына қатысты қылмыстық істі оң шешу үшін алмақшы болған.
Сот үкімімен Баймадиевке 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, ал Басболатовқа 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Екеуі де мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Дәурен Аллабергенұлы