Білім

«3Drobostar» чемпионаты өтті

Аягөздегі №4 орта мектепте роботты техникадан 3D үлгілеу бойынша «3D robostar» аудандық чемпионаты болып, оған 28 жалпы білім беретін мектептің 178 оқушысы қатысты.

Спорттық роботты техника «Сызық бойымен», «Сумо», «Кагельринг квадро», «Жаяу роботтар сумосы», «Танк биатлоны», «3D модельдеу», «Бағдарламалау» және «Arduno»  микроконтролерінде құрылғыларды бағдарламалау  бағыттары  бойынша сайыстар өтті. Болашаққа қажетті аталмыш мамандықтарды игеруге арналған чемпионат тартысты өтіп, қорытындысында  10+ 3D модельдеу бойынша бірінші орынды С.Ғаббасов атындағы орта мектеп, екінші орынды Сарыарқа орта мектебі, үшінші орынды Д. Бабатайұлы атындағы орта мектеп командалары иеленді. Ал жекелей сында қалалық қазақ мектеп-гимназиясынан Е.Ержанқызы  бірінші орын, К.Бозтаев атындағы орта мектептен Н.Баймұрат екінші орынды жеңіп алса,  үшінші орын  Сарыарқа мектебінен Е.Хасанов пен №1 орта мектептен С.Хасановтарға бұйырды. Бұдан өзге  «Сызық бойынша жарысуда» №6 орта мектептен Ж. Мұратбеков пен Э. Жұмабеков бірінші орынға ие болса, №3 орта мектептен А.Сарина мен №9 орта мектептен Асмахун Азиз екінші орынды місе тұтты. Бұл сайыста №5 мектептен Б. Берікқазы мен А. Қанатов, Айғыз мектебінен А.Оразғалиев пен Н.Дәулет  үшінші орындарды иеленді. Сондай-ақ «Кагельринг», «Робосумо», «Танк Биатлоны», «Адымдаушы роботтар сумосы», «14+ 3D модельдеу» секілді сайыстардан бірінші орындарды жеңіп алған оқушылар  да облыстық «Skills for geeks» кезеңіне жолдама алды.

Айта кетерлігі,  мектеп оқушылары облыстық IT фестиваліне іріктеуден өту үшін 23 жоба ұсынды.

Берікхан Тайжігіт

Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button