Жаңалықтар

ШҚО тұрғындары спиртті өнімдерге ең көп ақша жұмсаған

Елімізде арақ-шараптың қымбаттауына қарамастан оларды сатып алатын тұрғындардың саны азаяр емес.

2023 жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтардың алкогольге жұмсаған шығыны 13,1% өсті. Сәуір-маусым айларында алкогольге жұмсалған шығын жан басына шаққанда шамамен 1,5 мың теңге болды, деп хабарлайды Didar ақпарат Altaynews сайтына сілтеме жасапү

– 2023 жылдың екінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары алкогольге ең көп қаражатты жұмсаған. Республика бойынша жалпы шығын 1,5 мың теңге болса, Шығыс Қазақстан облысында 2,2 есе көп: отбасы бюджетінен 3,4 мың теңге. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары да жоғары деңгейде қалды: 3,1 мың теңге, қарағандылықтардың (2,9 мың теңге) және алматылықтардың (2,8 мың) шығыстары да осы сомаға жақын болды, – деп хабарлайды Energyprom.kz.

Алкогольге ең аз ақша жұмсаған Маңғыстау облысының тұрғындары екені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 1 қазаннан бастап күшті алкоголь бағасы қымбаттайтыны белгілі болған.

Ләззәт Қанатқызы

Осы айдарда

Back to top button