ӘлеуметЗаң талабыҚоғам

Вейб өнімдерін сатуға тыйым салынуы мүмкін

Үкімет вейп-өнімдерді таратуға шектеулерді күшейту мәселесін қарастыруда.

Бұл туралы Премеьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

“Қазіргі уақытта вейп-өнімнің айналымына толық тыйым салуды көздейтін норма реттеушілік әсерге талдау рәсімінен өтіп жатыр. Үкімет осы норманы қолдайды. Реттеушілік әсерге талдау қорытындысы бойынша “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодекске түзетулер ұсынылады”, – деп жазылған жауапта.

Айта кетейік, қазір “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасы Мәжілістің қарауында.

Онда кодекстегі “вейп” және “электронды сигарета” ұғымдарын бөлуге, 21 жасқа толмаған адамдарға темекі мен темекі бұйымдарын, оның ішінде тұтынудың электронды жүйелерін (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге қатысты түзетулер талқыланып жатыр.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button