Өнер

«The Planet of ART-2022» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Ақтөбенің Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясында «The Planet of ART-2022» халықаралық фестивалінің музыкалық циклінің гала-концерті өтті. Жоба Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының ұйымдастыруымен, Ақтөбе облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы және Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен өткізілді.

 

Фестиваль Балалар жылы аясында және ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының 75 жылдығын мерекесіне орай, сонымен қатар Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүшелігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Жобаның бас серіктесі – Еуразиялық топ (ERG), сондай-ақ ExxonMobil Kazakhstan, TengriNews, Qazaq Ballet, The Names beauty coworking және тағы басқа компаниялар.

Фестивальдың гала-концертіне дейін дәстүрлі өткізілетін 12-17 жас аралығындағы 3000-ға жуық вокалдық, хореографиялық және аспаптық номинация өкілдерінің аймақтық және халықаралық іріктеу кезеңдері өткен болатын. Қазақстанның барлық өңірінен іріктелген жас дарындар мен шетелдік жас жұлдыздар «The Planet of ART – 2022» халықаралық фестивалінің финалында өнер көрсетті.

Жобаның кең ауқымы, толықтай ақысыз және ашық негізде ұйымдастырылуының нәтижесінде барлық қатысушы, оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балалары да қарым-қабілеті мен дарынын паш етуге мүмкіндік алды.

Іріктеу кезеңінен өткен ең дарынды балаларға гала-концертке дайындалу мақсатында сегіз күндік бағдарлама ұйымдастырылған. Бағдарламаның  көп сағаттық репетициялары мен оқу-мәдени бөлігінен басқа Қазақстанның көрнекті өнер жұлдыздарының шеберлік сабақтары өткізіліп, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің лауреаттарына кәсіби шеберлігін шыңдап, қорытынды өнер көрсету алдындағы даярлығын пысықтауға мүмкіндік туғызды.

Фестивальдің 38 финалисінен бөлек қатысуға Ақтөбе облысының балалар шығармашылық ұжымдары шақырылған болатын. Олар: «Flash» би студиясы және ERG қолдауымен дамып келе жатқан «Алтын дән» халықтық би ансамблі. Қос ұжым қатысушылардың конкурстық номерлеріне жаңаша өрнегін қосты.

Жобаның финалистері жеңімпаз-лауреаттар ретінде өнер көрсетіп, Ақтөбе облысының әкімдігі атынан бағалы сыйлықтар, халықаралық дәрежедегі дипломдармен марапатталып, ең бастысы – ұмытылмас әсер сыйлап, жас өнерпаздардың жас достар тауып, тәжірибе жинауына септігін тигізді.

– Мәдениет – әуел бастан біріктіруші фактор болды. Біздің жобамыздың басты мақсатын орындай отыра жас дарындарды дамыту, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру және халықаралық аренада қазақстандық мәдиениетті насихаттау арқылы өз маңыздылығы мен нәтижелігін дәлелдеді. Біздің кәсіби командамыз балаларға өзінің өлшеусіз тәжірибесімен бөлісе алды деп шын жүректен сенемін, – деді Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының президенті Болат Ақшолақов.

– Біз үшін талантты жастарды қолдау әрқашан өте маңызды болды, әсіресе, ауылдық жерлер мен алыс елді мекендерден шыққан балаларға көмек көрсету. Балалар тәжірибе жинағаннан бөлек өздерінің болашығына оң әсерін тигізетін дағдыларын дамыта білді. Әрине, балалардың жанып тұрған бақытты көздерін көруге өте қуаныштымын, бұл жоба әрқайсына ерекше әсер етті деп сенемін, – деді «ТНК Казхром» АҚ персонал және әлеуметтік мәселелер бойынша операциялық директоры Дамир Кенжіғарин  Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы, “The Planet of ART – 2022” Фестивалінің бас серіктесі атынан.

  – Фестивальге қатысуға мүмкіндік алғаныма шексіз қуаныштымын. Осы сегіз күннің ішінде ақкөңіл әрі талантты адамдардың арасындағы айрықша өнер атмосферасында болдым. Осы қысқа уақыт ішінде тату бір отбасыға айналдық.

Винера Елтайқызының вокал бойынша сабақтарынан ерекше ләззат алдым. Ол әрі керемет адам, әрі тамаша ұстаз. Оның арқасында музыканың жаңаша қырларын аштым. Бұл менің қалған өміріме жететіндей музыкадағы үлкен тәжірибе. Осы жердегі әрбір сәтті аса ілтипатпен еске алатын боламын, – деді Өзбекстаннан келген фестивальдың «Вокал өнері» номинациясының лауреаты Мадина Абдурахмонова.

– Ұймыдсатырушыларға, мұғалімдеріме, кураторларыма және волонтерлерге алғыс білдіремін. Бір аптаның ішінде дос болып қалдық. Қоштасу керектігі өкінішті, бірақ, осы сәттердің естелігі жүрегімді жылытатын болады, – дейді «Аспаптық өнер» номинациясының лауреаты Манас Әлиев.

Анықтама:

1947 жылы Жапонияда пайда болған Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтық қозғалысының бөлігі саналатын Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы 2009 жылғы сәуірде құрылған және Қазақстан Республикасының жастарын қолдау және дамыту арқылы ЮНЕСКО идеалдары мен құндылықтарын ілгерілету бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 175-ге жуық ЮНЕСКО  клубтары жұмыс істейді, олардың мүшелерінің жалпы саны 19 000 адамнан асады, олар 17 облыстың 41-ден астам қаласы мен 17 ауылында орналасқан. Ұйым ЮНЕСКО қызметінің үш негізгі бағыты: шығармашылық білім, мәдени мұра және тұрақты даму аясындағы ірі бағдарламаларды іске асырады.

Didar ақпарат

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button