Білім

22 мыңнан астам білікті маман дайындап шығарған

Өскемен жоғары политехникалық  колледжінің құрылғанына 70 жыл толды. Осы атаулы күнге орай Өскемендегі «Ертіс концерт» залында  салтанатты шара өтті. 

Өзінің қалыптасу тарихында аталған колледж 22 мыңнан астам білікті маман дайындап шығарған. Олардың көпшілігі еліміздің энергетика саласын ғана емес, ел экономикасының басқа да салаларын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Колледж түлектері еліміздің энергетика, металлургия, машина жасау және өзге де ірі кәсіпорындарында, сондай-ақ ТМД, Европа, Канада, АҚШ, Корей, Қытай елдеріндегі жетекші кәсіпорындарда табысты еңбек етіп жүр.

Білікті басшы Исатай Исин басқарып отырған колледж студенттері бүгінде

республикалық және халықаралық олимпиадаларда, байқаулар мен конференцияларда өз білімдері мен дайындық деңгейлерін лайықты түрде көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Жыл сайын колледждің үздік студенттері «Қазақстан Республикасының 100 үздік студенті» қатарына кіреді.

Колледждің жоғары жетістіктері оқытушылар құрамының кәсіби деңгейінің жоғарылығы мен өз ісіне деген адалдықтарының арқасында.

Жуықта ғана аяқталған облыстық «WorldSkills» чемпионатында Жоғары политехникалық колледж командасы 10 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, 1-орынға ие болғанын атап өткен жөн. Енді осы жеңімпаздар республикалық  чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады.

Салтанатты  жиын барысында колледж түлектеріне «Кәсібіне адалдығы үшін» медалі табысталды.

Сонымен қатар үздік оқытуышылар мен ұжым қызметкерлері ҚР энергетика Министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен, «Еңбек сіңірген энергетик» төлбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Айжанат Бақытқызы

 

Осы айдарда

Back to top button