Жол құрылысы
2024 жылы Алакөлге апаратын жолдың құрылысы аяқталады
“Омбы-Майқапшағай” тасжолының Алакөлге апаратын бөлігін жөндеу 2024 жылы аяқталады.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
“Омбы-Майқапшағай” жолы 2025 жылы толығымен аяқталады. Қазір бізде Аягөзден ары қарай Алакөлге дейінгі шағын учаске бар. Жолдың қалған бөлігі де жөнделіп жатыр. Автомобиль жолдары комитетімен сөйлестім. Олар өткелді биыл ашамыз, келесі жылы жолды аяқтаймыз деп уәде берді”, – деді Нұрлан Ұранхаев.