Омбы – Майқапшағай: тас жолдағы жұмыс қарқынды
«Омбы – Майқапшағай» тас жолындағы қозғалыс жыл соңына дейін жанданады.
Республикалық маңызы бар аталмыш жол шығыстың 231 километрін басып өтеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Облыс әкімі Тарбағатай ауданына барған жұмыс сапарында «Омбы – Майқапшағай» тасжолының жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда жол салумен қытайдың «Синьсин» ЖШС айналысуда. Құны 84 миллиард теңге болатын жолдың жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Қазір аталмыш ауданда тас жолдың басым бөлігі жөнделіп біткен.
-Жоба бойыншы 231 шақырым жол жөндеу керекпіз. Қазір 160 шақырымдық бір қабат асфальтталған жолмен жүруге рұқсат берілген. Биыл 211 шақырым болатын екі қабаты төселген жолмен жүруге рұқсат береміз. Сонымен қатар жол жиегінде жолаушылардың 5 демалыс орыны болады. Ол жер жылы әжетханалармен және жүргізушілердің отырып демалатын орындықтармен жабдықталады, -дейді “ҚазАвтоЖол” ҰҚ” Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Бағдат Садықов.
Айта кетелік, аталмыш орында 421 адам қызмет етуде. Сонымен қатар, жұмысқа 214 техника жұмылдырылған.
Ынтымақ Толқын