Шағын ЕХРО-2014

2017 ағаш көшеті отырғызылады

 2017 ағаш  көшеті отырғызылады

25-26 мамыр күндері Өскеменде өтетін «ЭКСПО-2014» көрмесіне танымал ғалымдармен қатар әлемдік энергетика нарығынан ойып тұрып орын алған бірнеше белгілі шетелдік компаниялар қатысқалы отыр.
Облыстық ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ержан Сембинов, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қалихан Байғонысов «Шағын ЭКСПО-2014» көрмесіне дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатқанын баяндады.
Көрме аясында «Жасыл апта» тақырыбында бір жұма бойы түрлі іс- шаралар ұйымдастырылып, облыс орталығында веложарысқа дейін өткізілмек. Айтулы оқиғаның мәні мен сәнін келтіруге бағытталған шаралар өнертапқыштар слеті, «Грин-Пати» жастар акциясы, «ЭКСПО аллеясын» ашу рәсімдерімен жалғасады. Аллеяға 2017 түп ағаш көшеттері отырғызылмақ.
БАҚ өкілдері үшін көрме павильондары жанынан арнайы жабдықталып, ғаламтор желісіне қосылған баспасөз орталығы жұмыс істейді.

Жанаргүл Көкенайқызы

Осы айдарда

Back to top button