Жаңалықтар
20 маусымға арналған ауа райы болжамы – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының аумағында дауыл тұрып, найзағай мен жауын-шашын болады.
«Қазгидромет» мамандары 20 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 20 маусымда күндіз облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Өскемен қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с дейін жетуі ықтимал.
Сондай-ақ төтенше жағдай қызметі облыс аумағында өрт қаупі сақталатынын ескертеді.