Жаңалықтар

18 жасқа дейінгібалаларға Ұлттық қордан қашан қаражат бөлінеді?

Қазақстанда 18 жасқа толған балалар Ұлттық қордан төлемдер алатын болады.

Шоттарға ақша 2024 жылдан бастап түсе бастайды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Мәжілісмендер қабылдаған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат есептеу, оларды төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң Сенатқа жіберілді.

Заң бойынша бала 18 жасқа толғанға дейін есептелген қаражат Ұлттық қорда болады және Ұлттық Банк инвестициялауды жалғастырады. Ұлттық қордан қаражат алу бала 18 жасқа толған кезде ғана жүргізіледі. Егер 18 жасқа дейінгі бала азаматтығын ауыстырса, онда ол төлемдерді алу мүмкіндігін жоғалтады. Сонымен қатар, егер бала 10 жасында азаматтығын алса, онда сол жастан 18 жасқа дейін оған төлемдер есептеледі.

Егер бала тиісті жасқа толғаннан кейін ақшасын 10 жыл ішінде талап етпесе және алмаса, онда олар автоматты түрде оның зейнетақы қорына ауысады.

Ақша АҚШ долларымен жиналады. Шотқа салық салынбайды және  бұғатталмайды.

Ынтымақ Толқын  

 

Осы айдарда

Back to top button