Оқиғалар

1,8 келіден астам марихуана тәркіленді

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сақтаған Семей қаласының 18 жасар Б. есімді тұрғыны құрықталды.

1,8 келіден астам марихуана тәркілендіОдан есірткі заты салынған екі литрлік 4 шырын шөлмегі мен 1 кеспе орамасы табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама жүргізу нәтижесінде аталған заттың салмағы 1883,08 грамм марихуана екені анықталды.

Күдікті полицейлерге есірткіні өзі үшін сақтағанын айтты. Аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жас жігітке үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button