Табиғат

Жолда қалған жолаушылар құтқарылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Мақаншы-Благодарное» тасжолында қарға батқан 2 көлікте 4 адам болған. Құтқарушылар бірден сол жерге жетіп оларды эвакуациялады. Дәл осындай жағдай Тарбағатай ауданындағы Ақжар-Шілікті тасжолында тіркелген. Қар құрсауында қалған 2 көліктегі 4 азаматты №52 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері маңайдағы қыстаққа жеткізді», – деп жазылған Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Ал «Омбы-Майқапшағай» тасжолында жолда қалған 6 көліктің ішінде «Газель» мен КамАЗ болған. Құтқарушылар көліктерді қардан шығарып, 15 адамды Зайсан қаласына дейін апарып тастады.

Бұдан бөлек жол апатына түскен жолаушылар да болды. Жалпы бір түннің ішінде 26 адам құтқарылды.

Осы айдарда

Back to top button