Білім

12 мекеме аттестациялаудан өтпей қалды

Өткен жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында жүргізілген мемлекеттік аттестациядан облыстағы 12 білім беру мекемесі өтпей қалды.

12 мекеме аттестациялаудан өтпей қалды– Былтырғы тексеру кезінде өңірдегі тоғыз колледж бен кәсіптік-техникалық мектеп, төрт балабақша және 38 мектеп қамтылды. Нәтижесінде сегіз мектеп пен төрт колледж аттестациядан өтпей қалды. Олардың көпшілігінде оқу жоспары бекітілген талаптарға сәйкес келмеген. Сондай-ақ, колледж студенттерінің 70 пайызы тестілеуден «құлап» қалған, – дейді облыстық білім саласын бақылау департаментінің директоры Бағлан Данияров.

Тексеруден өтпей қалған білім мекемелеріне ережеге сәйкес кемшіліктерді жоюға жарты жыл уақыт беріледі. Одан соң қайта аттестацияланбақ. Егер жоғарыдағы кемшіліктер қайталанса, ол білім нысаны қызмет көрсету лицензиясынан айырылады.

Бүгінде Үржар, Зайсан, Шемонайха, Күршім аудандарының, Семей мен Аягөз қалаларының білім ошақтарында анықталған кемшіліктерді жою бағытында жұмыс жүргізілуде.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button