Қоғам

10 мың қорғаныш костюмін тігуге тапсырыс алды

Облыстағы дәрігерлерге арналған қорғаныш костюмдерінің 10 мың данасын сотталғандар тігеді. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады. 
“Еңбек-Өскемен” кәсіпорны облыстың түзеу мекемелерінде 800-ден астам сотталған адамды жұмыспен қамтып отыр.
– Короновирус пандемиясы, басқа ұйымдардағы сияқты, кәсіпорын өндірісіне де теріс әсер етті. Алайда бұл кәсіпорын алдағы жолын тез арада бағдарлай алды. Босап қалған тігін цехтарында көп реттік қорғаныш маскалары мен қорғаныш комбинезондарын тігіп, дезинфекциялық тоннельдер өндіре бастады, – дейді департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.
Айтуынша, цехта түзеу мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және облыс азаматтарының қажеті үшін 400 мыңға жуық маска тігілген. Енді 10 мың дана қорғаныш комбинезонын тігуге тапсырыс алып, іске кірісіп кетті.
– Осылайша сәл тоқырап қалған аталмыш кәсіпорынның ісі қайта дамыды. Атап айтар болсақ, тігін цехтарының өзінде 200-ден астам сотталған адам жұмыс істейді, – деді Ғалымжан Балтабаев.
Жасын Қалибек

Осы айдарда

Back to top button