Қоғам

Жүз жиырма жастағы шырша орнатылды

Жүз жиырма жастағы шырша орнатылды

Облыс орталығына Жаңа жылдың басты шыршасы жеткізіліп қойды. Алтайдың кербез ағашы орталық алаңға 1-желтоқсанға дейін орнатылмақ.
Өскемен қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шырша Риддер жақтан әкелінген. Биіктігі 27 метрден асып жығылады. Ал «Черемшанка орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Наталья Лопошконың сөзіне сенсек, Өскеменге жеткізілген шыршаның жасы – шамамен 100-120-да.
Былтыр біздің облыста қылқан жапырақты ағаштарды кесуге түбегейлі тыйым салынған болатын. Тек қана орталық алаңдарға, әкімдіктерге, Президент шыршаларына арнап 600-700 ағаш кесуге рұқсат берілген.
Бір қызығы былтыр базарда бір жарым метрлік тірі шыршаның бағасы дәл сондай көлемдегі жасанды шыршадан арзанға сатылған еді. Тірі шыршаның бағасы 2,5 -3,5 мың теңге көлемінде болса, жасанды шырша 4,5 мың теңгеге бағаланған.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button