Қоғам

Жылқы жылында еліміз Тәуелсіздігін жариялады

 Жылқы жылында еліміз Тәуелсіздігін жариялады

Қазақтың наным-сенімі бойынша Жылқы жылы жайлы болған. Ол өзі таза әрі пәк жануар. Қазақ үшін Жылқы жылы әрдайым берекеге толы болған деседі. Біздегі байлықтың өлшемі де жылқы болған. Сол себепті Жылқы жылы байлыққа, дәулетке жетелейді деген ырым бар. Халқымызда жылқы туралы көп айтылады. «Қазақ жылқы мінезді халық» дейді, себебі, жылқы бауырмал, иесіне де, үйіріне де адал. Жылқы кекшіл мал емес. «Жылқы кісінескенше, адам түсініскенше» деген сөз жайдан-жай айтылмаған. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Жылқы жылдары тағдыршешті оқиғаларға толы әрі табысты болған екен. Солардың бір парасын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Қазақ елі өз тәуелсіздігін осы Жылқы жылында, яғни, 1990 жылы жариялады

Қаңтар — 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасына» баға беру жөніндегі комиссия құрылды.
Сәуір — Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақстанның Президенті болып сайланды.
Мамыр — «Желтоқсан оқиғасы» ақталды.

Қыркүйек — «Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық қатынастарға көшу» бағдарламасы қабылданды.
25 қазан — Қазақ елінің Егемендігі туралы декларация қабылданды.

2002 жыл – Ауыл жылы

* 11-14 ақпан – Делиде Абайдың атына көше берілді.

* 28 ақпан – Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары «Орталық-Азиялық ынтымақтастық» ұйымының құрылуы туралы шартқа қол қойды.
* 25-27 сәуір – Алматы қаласында бірінші Еуразиялық медиафорум өтті. Бұл форумға әлемнің 30 елінен келген жетекші ақпараттық агенттіктердің 200-ге жуық журналистері қатысты.
Қазақстанға нарықтық экономикалы мемлекет мәртебесін беру туралы мәліметті хабарлады. Мұндай мәртебе беру елімізге инвесторларды тартуға мол мүмкіндік берді.
* 3-4 маусым – Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммитінің ашылуы болды.
* 9 қыркүйек – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау ісіне нүкте қойылды.
* 25-26 қыркүйекте – Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
* 5-6 қазан – ел Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Тәжікстанда өткен Аралды құтқару халықаралық қорының отырысына қатысты.
* 23 қазан – Түркістан қаласында Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Құрылтай жұмысына 32 мемлекеттен келген 400-ден астам өкілдер қатысты.
* 2002 жылы Астана төрінде «Бәйтерек» монументі пайда болды. Ол көкке ұмтылған Астананың символына айналды.

2014 жыл – Туризм жылы

Есіктен кірген 2014 жыл да маңызды оқиғаларға толы болатын түрі бар.
Әуелі күллі әлем көз тіккен Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарына Алексей Полторанин бастаған жерлестерімізді үкілеп жарысқа қосамыз. Одан кейінгі елеулі оқиғаның бірі Өскеменде өтетін «Шағын EXPO» көрмесі болмақ.
Тарихқа үңілер болсақ, қазақтың бас батыры Қабанбай баһадүр де Жылқы жылы дүниеге келген екен. Биылғы жылқы жылында бабамызға арналған ескерткіш Өскеменнің іргесінде ашылмақ.

Әзірлеген – Есімжан Нақтыбайұлы

Осы айдарда

Back to top button