Экономика

Жылмен бірге баға да жаңармақ

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шешімімен «ШҚ АЭК» АҚ қызметінің тарифі 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 50,5 пайызға көтерілетін болды.

Жылмен бірге баға да жаңармақЭлектр желілеріне қуат көзін жеткізіп, үлестіріп отырған аймақтық компания осылайша келер жылдан бастап аталған қызметтерді көрсету тарифін – 2,90 теңге/кВт сағатқа көтермек. Қазіргі күнгі қолданыстағы тариф – 1,92 теңге/кВт сағат.

– Жаңа тариф «Реттелуші нарықтар мен табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына жаңадан енгізілген еліміздегі аймақтық энергетика компанияларының тарифтерін салыстырмалы талдау тәсілі бойынша түзу әдісі негізінде жасалып, бекітілді, – дейді департамент директоры Қайрат Оразбаев.

Электр энергиясы нарығындағы жеткізу тарифінің қымбаттауы тұтынушыларға ұсынылатын электр қуатының бағасын да көтеретін түрі бар. Осы қызметті көрсетіп келе жатқан «Шығысэнерготрейд» ЖШС де алдағы жылдан бастап энергия бағасын бірнеше пайызға қымбаттатуды көздеп, департаментке өтінім түсіріп отыр.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button