Қоғам

Жылдың үздіктері марапатталды

Жылдың үздіктері марапатталды


Өскемендегі облыстық драма театрында «25 жұлдызды күн» аясында \”Нұрлы болашақ\” атты жастар форумы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова қатысқан форумда Өскемен қаласының әкімі жылдың ең белсенді жастарын марапаттады.

Аталмыш форум \”Ақ Ертіс жастар классикалық және эстрадалық фестивалімен жалғасты. Фестивальда Қазақстанның халық əртісі, халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты Болат Аюхановтың театры, Ресейдің Новосібір қаласы музыкалық комедия театрының əртісі, \”Шабыт\” республикалық байқауының лауреаты Инна Козлова, \”Қазақстан дауысы \” республикалық тележобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет, Қазақстан Республикасы Президенті және Қарулы Күштері оркестрінің әншісі Камила Жұмабаева, эстрада жұлдызы, республикалық əн байқауларының лауреаты Серік Рысбек жəне \”FLASH\” заманауи би студиясының шығармашыл жастары өнер көрсетті.

«Жылдың жас ғалымы» атағына биыл Қазақстан Америка еркін университетінің ұстазы Әйгерім Оралбекқызы лайық деп танылды. Бүгінгі күнге дейін өз ісінің шебері ретінде танылған жас ұстаз, көптеген ғылыми жұмыстардың авторы болып саналады. Ал «Үздік отбасы» аталымында Алдажаровтар отбасы алдан көрінді. Отағасы Тимур УМЗ-ның белді инженері, сонымен қатар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың докторанты, оның жұбайы Әсел есеп саласының үздік маманы. Тәуелсіздіктің құрдастары саналатын жанұяда бүгінде ұл мен қыз тәрбиеленіп жатыр. Сонымен қатар «Үздік жастар ұйымы» аталымын Өскемендегі «Жас ұлан» ұйымы, «Үздік жастар акциясы» аталымын «Мейірім» акциясы, «Жастардың үздік шығармашылық ұжымы» аталымын «FLASH» би тобы жеңіп алды. «Жылдың жас кәсіпқойы» аталымын Өскемендегі мыс зауытының цех шебері Асхат Зикенов иеленді.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Қоғам

Жылдың үздіктері марапатталды

Жылдың үздіктері марапатталды

Кеше облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Өскемендегі Жекпе-жек сарайында 2013 жылды қорытындылаған әрі жыл қарсаңындағы дәстүрлі жыл үздіктерін марапаттауға арналған салтанатты жиынға қатысты.
Жылан жылын табысты аяқтадық. Облысымыздың экономикалық әлеуеті артып, жыл көлемінде аймағымызда 200-ден астам әлеуметтік нысандар тұрғызылды. Мыңнан астам адам баспаналы болып, Жаңа жылды жарқын көңілмен қарсы алып жатыр. Биыл қай сала болсын оңды өзгерістерге бет бұрды. Өңірімізде биыл бірнеше рет халықаралық және республикалық деңгейдегі маңызды форумдар мен фестивальдар өтті. Он екі айдың ішінде күн батареялары пластиктерін шығаратын заманауи зауыт іске қосылды, Зайсан ауданының тұрғындары табиғи газдың қызығына кенелді, Күршімдіктер Ертістен пароммен кідірмей өтетін болды, Өскеменде халықаралық бал, Катонқарағайда түркі әндерінің фестивалі бірнеше жыл қатарынан дәстүрлі түрде жалғасып келеді, Алтай балы брендке айналды, Семейде қазақ футболының 100 жылдығы, өңіріміздің дихандары миллион тонна астық жинады, айта берсек, бұл тізімнің созыла берері анық. Ең бастысы, биыл облысымыз ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жетті. Осыншама еңбек шығысқазақстандықтардың білімімен, біліктілігімен, маңдай терімен, қажыр-қайратымен атқарылғаны анық. Өз саласында табысқа жеткен адамдарды аймақ басшысы құттықтап, құрметке лайық адамдарды әр түрлі аталымдар бойынша марапаттады.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Жаңа жылдың алдында өткен жылдың жетістіктерін талдап, есеп беретін дәстүр бар екендігін атап өтті.
– Жылан жылы жеңіл болды деп айта алмаймын, алайда, біз кездескен кедергілерге еш мойымадық. Мемлекетіміз гүлденіп, көз алдымызда дамып келе жатыр. Елбасымыз биыл 2050 Стратегиялық бағдарламасын қабылдап, халықтың келешекке деген сенімін арттыра түсті. Осыншама жетістіктерге Сіздердің қосқан үлестеріңіз мол. Облыс көлемінде биыл 315 мың шаршы метр баспана халық игілігіне берілді. Бұрын көпқабатты тұрғын үйлер Өскемен, Семей сияқты ірі қалаларда ғана салынса, биылдан бастап «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясында аудандар мен ауылдарда баспаналар тұрғызыла бастады. Терможаңғырту бағдарламасы бойынша кетеуі кеткен ескі ғимараттар қайта жөндеуден өтіп, қаусап тұрған әлеуметтік нысандар көрікті ғимараттарға айналды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында биыл көптеген жәрмеңкелер өткізілді, әлеуметтік сауда нүктелері іске қосылды, әрине, бұл жыл бойы атқарылған ауқымды шаруалардың бір парасы ғана. Алдағы жылы алға қойған мақсат-міндеттеріміз бұдан да көп. Босағадан Жылқы жылы енгелі тұр. Біз жылқыны қасиет тұтқан елміз, ұлттық рәміздерімізге де осы жануарды бейнелегеніміз тегіннен-тегін емес. Біз алдағы жылдан жылқының бойындағы сарқылмас қуат пен шыдамдылық, жүйріктік, тағы басқа да жақсы қасиеттерді күтеміз. Баршаңызды алда келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын, – деді облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.
Салтанатты жиынның ең маңызды тұсы – үздіктерді марапаттау рәсімі ерекше жағдайда өтті. Ең алдымен аймақ басшысы облысқа белгілі кәсіпкер, құрылыс саласының маманы Михайл Анашкинге «Парасат» орденін, әйгілі әнші ВячеславТкачқа «Құрмет орденін», облысымыздағы ауыл шаруашылығының дамуына айтарлықтай үлес қосқан кәсіпкер Владимир Акуловқа «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын табыстады.
Бұдан кейін сахнаға облысымыздың үздіктері көтерілді. Әр саланың майталман мамандары лайықты құрметке ие болды. Облыс Әкімі жыл үздіктеріне арнайы Қазақстан монет сарайында дайындалған статуэткалар мен дипломдарды сыйға тартты.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button