Қоғам

Жылан қаптап кетті

Жылан қаптап кетті

Зырян ауданында биыл жыландардың көбейіп кеткен жайы бар. Бау -бақшаны қойып, есік алдына келіп, үйдің ішіне дейін еніп кетіп жатқан бауырмен жорғалаушылар тұрғындарды қатты мазалауда.
Аудандағы Кутиха, Греховка сияқты көптеген ауыл тұрғындары аптап ыстықта аяқтарына етік киіп жүруге мәжбүр болып отыр. Зырян қаласындағы жас натуралистер стансасының мамандары моншаның ішін, жеміс ағаштарының бұтақтарын да емін еркін жаулап алған жыландардың биыл жылдағыдан ерекше көп жұмыртқалағанын, көбейіп отыруының бір себебі осы екенін айтады. Мұндай жағдайлар әсіресе, аптап ыстықта болады екен. Сонымен бірге, олар әр 11 жылда үдере көшіп, өздерінің жейтін тамақтары – тышқан, ұсақ жәндіктер көп тараған маңға, адамдар тұратын жерге қарай ауатын көрінеді.
Жылан шағып алған адам дереу дәрігерге жеткізілмесе өліп кетеді. Дәрігерлер жыл көлемінде ауданда екі адамды ғана жылан шағып алғанын айтады.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button