Қоғам
Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстандағы 183 ауыл сапалы интернет желісіне қосылатын болады.
126 ауыл интернетке қосылу бағдарламасына енбеген, бірақ осы бағытта жұмыс істелуде. Өңірде антенна-мачталық құрылғыларды орнату жалғасады. Жыл басында олардың құны 45 миллион теңге болса, қазір бағасы 70 миллион теңгеден басталады. Алайда, бұл ауылдарды интернетпен қамтамасыз етуге кедергі болмайды.