Сайлау-2022

Жүз пайыз қатысты

Қамқорлықсыз қалған қарттардың өмірін жеңілдету үшін қызмет ететін Ақжар ауылындағы Тарбағатай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарттар президент сайлауына бір кісідей қатынасып, жүз пайыз дауыс берді.

Бүгінде бұл 50 орындық мемлекеттік мекемеге өзіне-өзі қамқор болуға шамасы келмейтін зейнеткерлер, еңбекке жарамды бала-шағасы мен зайыбы жоқтар, бала-шағасы қандай да бір себептермен қамқор бола алмайтын қариялар, жұбайының бірі екіншісіне күтім жасай алмайтын халдегі адамдар, I, II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар қабылданған. Былайша айтқанда, бұл орталықты облыстың түкпір-түкпірінен жиналған тұрғындар мекен етіп жатыр. Барлығы толық мемлекеттің қамқорлығында. Бүгін осы орталықтың тұрғындары бірі қалмай Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға белсене араласып, өз таңдауларын жасады.

Ерлан Бапанов

Тарбағатай ауданы

Осы айдарда

Back to top button